Халықаралық транспорт операциялары. М. Байгісиев
тасымалдарды реттейтін ңұқықтық құжаттар
Қазақстандағы көлік мәселесін Көлік және коммуникация министрлігі бақылайды. Сонымен қатар, негізгі магистральдық көлік құралдарына акционерлік қоғамдар құрылған: «Қазақстан теміржолы» АҚ, «ЭйрАстана» АҚ және т.с.с.
Жүкті ішкі және сыртқы тасымалдауды жүзеге асыру барысындағы жүк иесі мен тасымалдаушының өзара қатынастарын реттейтін Қазақстандағы құқықтық негіз көлік құралдарының түрі бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар – «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Ішкі су көлігі туралы», «Теміржол көлігі туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары болып табылады.
Қазақстандағы транспорттық тасымалдарда кездесетін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастар ҚР Конституциясы мен аталған заңдар мен өзге де заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ ҚР ратификациялаған шарттарда аталған заңдардан өзгеше ережелер болса, онда халықаралық шарттардың ережелерімен реттеледі.
ҚР-да жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, кеме жүретін су жолдары, шлюздер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты инженерлік желілер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншігі болып табылады. ҚР-ның көлігін мемлекеттік басқаруды ҚР Президентінің шешімімен құрылған және ҚР Үкіметі бекіткен Ережеге сәйкес қызмет атқаратын өкілетті мемлекеттік орган – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі жүзеге асырады.
Аталған мемлекеттік органның негізгі міндеттеріне:
• Қазақстан Республикасының көлік саласындағы экономикалық мүддесін қорғау;
• көлік саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
• Қазақстан Республикасындағы көлік қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге қатысу;
• көліктің барлық түрлерін дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзірлеу, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру және жүргізу;
• республика экономикасы мен халқының тасымалдауға және соларға байланысты қызметтерге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
• көлік қызметін пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау;
• мемлекеттің және халықтың тасымалдау қажеттеріне болжамдар әзірлеу;
• Қазақстан Республикасы көлік кешені қызметінің жұмысын үйлестіру және мемлекеттік реттеу ісін жүзеге асыру жатады.
Сонымен қатар, сауда теңізде жүзу кодексі, Әуе кодексі, теміржол, автомобиль, өзен көлігі жарғылары, ведомстволық сипаттағы ережелер, тасымалдау ережелері, жүктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттары, тарифтік мөлшерлемелер бойынша баға тізбесі, және басқа да құжаттар сәйкес транспорт