Халықаралық транспорт операциялары. М. Байгісиев

Халықаралық транспорт операциялары - М. Байгісиев


Скачать книгу
және басқалары. Автомобиль көлігіне үкіметтік емес халықаралық ұйым – Автомобиль көлігінің халықаралық одағы (ИРУ). Әуе көлігі саласында Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес, Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО), сонымен қатар мамандандырылған үкіметтік емес ұйым – Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы әрекет етеді. Теңіз көлігінде Үкіметаралық теңіз (кеңес беруші) ұйымы (ИМО), Балтық халықаралық теңіз конвенциясы (БИМКО), Халықаралық теңіз комитеті (ММК), Кеме иелерінің халықаралық ассоциациясы (ИНСА). Жүктерді көліктік экспедициялау бойынша Экспедиторлық ассоциациялардың халықаралық федерациясы (ФИАТА).

      Төменде негізгі көлік конвенциялары мен көліктердің көптеген түрлері бойынша келісімдерге сипаттама беріледі.

      Халықаралық теңіз қатынастары. Теңіз тасымалы қатысушыларының өзара қатынастары мен коносаменттің құқықтық мәртебесін анықтайтын негізгі халықаралық келісімге 1924 жылғы Коносамент туралы кейбір ережелерді біріздендіру туралы Брюссель конвенциясы (Гаага ережелері) жатады. 1968 жылғы Брюссель протоколы арқылы осы конвенцияға кейбір ережелер енгізілді. Қазіргі уақытта Брюссель конвенциясына 70-тен астам мемлекет қатысады. Гаага ережелеріндегі басты назар теңіз тасымалдаушысының жүкке жауапкершілігі туралы мәселеге аударылған. 1924 жылғы Брюссель конвенциясының бірқатар ережелеріне бірнеше елдер, соның ішінде дамушы мемлекеттердің жүк иелері тарабынан айтылған сындарды есепке ала отырып, Халықаралық теңіз тасымалдарының тәжірибесіне маңызды ықпал ететін Гамбург ережелері атауымен белгілі 1978 жылы Жүктердің теңіз тасымалы туралы БҰҰ конвенциясы қабылданды.

      Соңғы уақыттарға дейін жолаушылар мен жүктің теңіз тасымалдары 1961 жылғы Жолаушыларды теңізбен тасымалдауға қатысты кейбір ережелерді біріздендіру туралы халықаралық конвенциямен реттелді. 1987 жылы жолаушылардың, олардың жүктерінің, көлік құралдарының және қол жүктерінің теңіз тасымалы туралы жаңа конвенциясы (Афины конвенциясы) күшіне енді.

      Халықаралық өзен қатынастары. Дунай өзені бойынша халықаралық тасымалдауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер кешені, Дунай бойындағы елдердің өзен кемелері үшін жасалған Братислава келісімімен реттеледі. Олардың бірінші қатысушысы – 1955 жылы Дунай өзені бойымен жүк тасымалдаудың жалпы шарттары туралы Келісім – Болгария, Венгрия, Румыния, КСРО және Чехословакия кеме шаруашылығы пайда болды. 1966 жылы бұл келісімге Югославияның өзен кеме шаруашылығы қосылды, ал 1968 жылы – Австрия және ГФР келісімге қол қойды. Келесі қадамда 1978 жылы Дунай өзені бойынша контейнерлерді тасымалдаудың жалпы шарттары бойынша Халықаралық келісім жасалды. 1979 жыл аталмыш кеме шаруашылығында халықаралық жүк тарифі туралы келісімге қол жеткізілді.

      Халықаралық теміржол қатынастары. Халықаралық теміржол байланыстары туралы көпжақты әмбебап келісімдерге жүк тасымалы туралы Берн конвенциясы (қысқаша МГК) және жолаушыларды тасымалдау туралы (МПК), бірнеше Еуропа елдері арасындағы өткен ғасырдың соңында алғаш рет жасалған келісімшарттар


Скачать книгу