Фирмалар қаржысы. Баян Купешова

Фирмалар қаржысы - Баян Купешова


Скачать книгу
басым болатын жағдайын білдіреді [10].

      Табыстарды қалыптастыру сұрақтарын қарастырған кезде «түсім», «табыс», «пайда», «таза пайда» деген негізгі ұғымдардың айырмашылықтарына тоқталу қажет. Яғни осы көрсеткіштердің қайсысы сомалы мағынада аз немесе көп және қайсысы қайсысынан шығатынын қарастыру керек. Негізінен, түсім өнімді өткізу, қызмет көрсету нәтижесінде қалыптасады. Қазақстан Республикасындағы нормативті көздерде пайда анықтамасы жоқ, тек қана барлық жерде табыс, таза табыс, салық салынатын табыс және т.б. ұғымдардың анықтамаларын байқаймыз.

      Табыс түсінігін түбегейлі қарастыру үшін түсім деген экономикалық категорияны қарастырған жөн. Экономикалық әдебиеттерде өткізуден түскен түсімнің жоспарлы сомасы келесідей формуламен анықталады:

Вр = О1 + Втп – О2.

      Мұндағы О1 – жоспарлы жылдың басындағы өткізілмей қалған өнімдердің өткізу құны бойынша қалдықтары; Втп – жоспарлы жылдағы өткізу құны бойынша тауарлы өнім; О2 – жоспарлы жылдың соңындағы өткізілмей қалған өнімдердің өткізу құны бойынша қалдықтар.

      Алдыңғы тақырыпта шығындардың жоспарлы сомасы (толық өзіндік құны) осыған ұқсас формуламен анықталды:

Зр = О1 + ТП – О2 + С.

      Мұндағы О1 – жоспарлы жылдың басындағы өткізілмей қалған өнімдердің өндірістік өзіндік құны бойынша қалдықтары; ТП – жоспарлы жылдағы өткізу құны бойынша тауарлы өнім; О2 – жоспарлы жылдың соңындағы өткізілмей қалған өнімдердің өндірістік өзіндік құны бойынша қалдықтар; С – өндірістен тыс шығыстар.

      Бірінші формуладағы көрсеткіштер өткізу құны бойынша, ал екінші формуладағы көрсеткіштер өзіндік құны бойынша есептелгенін байқауға болады. Баға мен өзіндік құнның айырмашылығы пайданы беретіні белгілі. Осыдан пайданы есептеудің келесі формуласы шығады:

Пр=Вр-ЗрПр = П1 + Птп – П2.

      Мұндағы П1 – жоспарлы жылдың басындағы өткізілмей қалған өнім қалдықтарындағы пайда; Птп – жоспарлы жылдағы тауарлы өнімдегі пайда; П2 – жоспарлы жылдың соңындағы өткізілмей қалған өнім қалдықтарындағы пайда.

      Табыстар – қаржымен тығыз байланысты күрделі экономикалық категория. Табыс – бұл шығын құралдарымен байланысты (оларды жүзеге асыру уақытына байланыссыз) белгілі бір жұмыстың нәтижесі. Табыс өндірістік, коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсаттарға бағытталған қызмет нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар жаңадан қызмет және өнім шығарылғанда бөлу кезеңінде пайда болады. Табыстар аралық сипатта болуы мүмкін. Яғни өзінің қалыптасуынан кейін жаңа бөлу кезеңіне қадам жасайды немесе айырбастау (ақырғы табысты жинақтауға және тұтынуға қолданылатын табыс деп түсінеміз) деген жаңа өндірістік кезеңге өту кезінде ақырғы табыс ретінде қызмет етуі мүмкін. Табыстың аралық сипаты бір шаруашылық субъектісінің табысы басқа шаруашылық жүргізуші субъектісінің шығыстары есебінен қалыптасқан кезде көрінеді. Мысалы, кәсіпкерлік сектордың табысқа салынатын салық төленген шығыстары мемлекеттің табысы


Скачать книгу