Фирмалар қаржысы. Баян Купешова
қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.
Үшіншіден, табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады [12].
Сонымен, кәсіпорынның табысы – оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық экономика ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:
– акционерлік меншікті арттыру;
– табысты арттыру;
– басқарушылық сыйақыларды арттыру;
– әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің ең бірінші кезектегі мақсаты – кәсіпорын акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжырымға негізделген. Яғни кәсіпорындар өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын арттыруы тиіс. Кәсіпорынның басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.
Кәсіпорын мақсаттарын осылай саралау батыстық экономика үшін әбден ақылға қонымды. Табысты арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді міндет болып табылады, ал акционерлік меншікті арттыру – ұзақ мерзімді мақсат [13].
Табыс – бұл есептік кезеңінде активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің азаюы.
Субъектінің негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар оның жиынтық табысын құрайды. Табыс түскен немесе алынуға тиісті өткізу құнымен бағаланады. Өткізу құны субъект пен сатып алушының немесе активті қолданушының арасындағы келісіммен анықталады. Субъект қызметінде сондай бірдей мәмілелер немесе жағдайлардан болған табыс бір уақытта түскен деп саналады.
Табыс келесідей шарттарды орындаған кезде мойындалады:
− табыс сомасы үлкен сенімді дәрежемен бағаланады;
− мәмілемен байланысты экономикалық пайдаларды субъект алу ықтималдығының бар болуы.
Тауарларды өткізуден түскен табыс жоғарыдағы және төмендегі шарттарды орындаған кезде мойындалады:
− субъектімен сатып алушыға меншіктік құқығын беру;
− мәміле бойынша нақты және болжанған шығыстарды бағалау үлкен сенімді дәрежемен жүргізіледі.
Егер сатушы меншік иесінің міндеттері мен құқықтарын сақтаса, мәміле жүзеге асырылмайды және табыс мойындалмайды.
Табыстар аралық төлемдер және сатып алушыдан алынған аванс негізінде мойындалмайды.
Басқа субъектілермен активтерді қолдану табыстарды төмендегідей түрде қамтамасыз етеді:
−