Фирмалар қаржысы. Баян Купешова

Фирмалар қаржысы - Баян Купешова


Скачать книгу
басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, қысқа мерзімді активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.

      Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік – баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы, яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі көп активтерден өтімділігі аз активтерге дейін, демек, басында баланстың өтімділігі жағынан жоғары бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің төмендеу деңгейіне байланысты аз өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары болып табылады.

      Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мынадай принципке сай құрылды: төлем мерзімінің жеделдігі көп бағыттарынан жеделдігі аз бағыттарға дейін.

      ҚР-дағы бухгалтерлік есеп туралы заңды жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр. «Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан негізгі элементтері – активтер, меншікті капитал және субъектінің міндеттемесі» болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің бұл элементтеріне келесідей сипаттама береді:

      «Активтер – бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік, жеке мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады. Міндеттеме – бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасын жасайтын міндеті – мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.

      Меншіктік капитал – бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері» [5].

      Баланста ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста қысқа мерзімді активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз


Скачать книгу