Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов

Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов


Скачать книгу
айқын бөлінбеуі;

      – аймақтардағы реформалардың жүргізілу қарқынындағы ұйымдастырушылық айырмашылықтар;

      – халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы бойынша жергілікті аймақтардың саралануы;

      – әлемдік нарық сұранысына сәйкес Қазақстан экономикасының салалық және аймақтық құрылымының өзгеруі, нәтижесінде өнеркәсіптік және аграрлық жергілікті аймақтардан басым шикізат пен отын өндіретін жергілікті аймақтар иерархиясы қалыптасуы;

      – жергілікті аймақтар дамуындағы аумақтық және салалық ұйымдастыру мен үйлестіру қағидасының бұзылуы.

      Барлық жергілікті аймақтар экономикасы үшін тән жалпы қатерлер: жұмыссыздық; ірі өңдеуші нақты сектор экономикасындағы кәсіпорындардың қарқынды немесе толық қуатында жұмыс істелмеуі; экологиялық проблемалардың көбеюі; шағын қалалар экономикасының жағдайларының мардымсыздығы; жергілікті аймақтар экономикасында жан басына шаққандағы табыстың төмен деңгейі және табыстарды күнкөріс минимумынан төмен халық үлесінің кемімеуі; жергілікті аймақтарда әлеуметтік сфера салаларының дамуындағы жағымсыз тенденциялардың сақталуы.

      Мемлекеттік және жергілікті аймақтар экономикасын басқару және ұйымдастыру тиімділігін қамтамасыз ету – аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік және нарықтық реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенінің қабылдануында. Жергілікті аймақтық экономиканың ерекшелігін шешу үшін әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да қатысуы талап етіледі. Осымен байланысты аймақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін-бірі өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:

      – біріншісі – макродеңгейде жергілікті аймақ экономикасын басқару және ұйымдастыру механизмдерін одан әрі жетілдіру;

      – екіншісі – мезодеңгейде тиімді жергілікті аймақтық менеджмент механизмін қалыптастыру;

      – үшіншісі – жергілікті өзін – өзі басқару және басқару ұйымдастыру әдістерін жетілдіру.

      Жергілікті аймақ экономикасын басқару мен ұйымдастыру механизмідерін бұлай шектеу әрине, өзін-өзі ақтайды. Өйткені, жергілікті аймақ экономикасын басқару және ұйымдастыру механизмдерінің негізінде барлық аумақтарға өмір сүру мен еңбек етудің әртараптандыруы жағдайларына жету үшін тең жаңартылуға мүмкіндіктер беру және әрі қарай олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру жатса, ал жергілікті аймақтық менеджмент пен жергілікті өзін-өзі басқару мен ұйымдастыру механизмдері тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін жергілікті аймақтың ішкі әлеуетін және тартылған сыртқы ресурстарды барынша пайдалануға бағытталады.

      Нарықтық реформалардың жүргізілуі мен жергілікті аймақтар


Скачать книгу