Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
«Аралтөбе» қорымының 1-қорғанынан тапқан «алтын адам» kolizej.at.ua
Жалпы «алтын адамдар» туралы айтқанда, олардың еліміздің бірнеше аймақтарынан табылғандығын айтып өткен жөн.
Есік қаласы маңынан табылған «алтын адамнан» бөлек, 1999 жылы археологтар Зейнолла Самашев пен Жұмаш Жетібаевтың Атырау облысы, Жылыой ауданындағы «Аралтөбе» қорымының 1-қорғанынан тапқан «алтын адамы», 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Әбдеш Төлебаев пен доценті Ғани Омаров зерттеген Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы аумағындағы Бәйгетөбе деген жерден табылған «Шілікті-3» қорымының № 1 қорғанынан тапқан «алтын адам» (барлығы 4262 алтын бұйым табылды), соңғысы 2010 жылы археолог Бейсенов Арманның Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы «Талды-2» қорғанынан тапқан «алтын адамы», одан бөлек, 2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы аумағындағы «Тақсай-1» комплексінде профессор М.Н. Сдыковтың сармат ескерткіштеріне жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған алтын бұйымдар негізінде реставратор Алтынбеков Қырымның «Тақсай абызы» атымен қалпына келтірген «алтын адамдары» бар. Көріп отырғанымыздай «алтын адамдар» табылуы жағынан да Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған. Өкінішке орай, Есік қаласы маңынан табылған «алтын адамнан» басқаларының обалары тонауға ұшыраған және мәйіт пен ондағы алтын әшекейлер де сол бастапқы қалпындағы орындарынан табылмаған. Бұл жағдай «алтын адамдардың» толық реконструкциясын жасауға мүмкіндік бермей отыр. Аталған «алтын адамдардың» қалпына келтірілген нұсқалары ғылыми зерттеулерде оқырманның назарына ұсынылып жүр. Алайда олар әлі де болса тарихшы, археолог ғалымдардың толық мақұлдауына ілінбей отыр.
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы аумағындағы Бәйгетөбе деген жерден табылған «Шілікті-3» қорымының № 1 қорғанынан табылған «алтын адам» www. tengrinews.kz
Ежелгі дәуірден сыр шертетін тағы бір ғажайып – «Таңбалы тас». «Таңбалы тас» ескерткішінде негізінде қола, ішінара ерте темір дәуірінде салынған бейнелер бар. Ескерткіштің ерекшелігі – сол заманда өмір сүрген адамдардың тасқа салған бейнелерінен олардың тұрмыс-тіршілігі, дүние танымы көрініс береді. «Боралдай» қорымы Алматы қаласының іргесіндегі Үлкен Алматы каналынан солтүстікте орналасқан Боралдай кентіне дейін созылып жатыр. Қорымда жалпы саны – 63 оба бар. Обалардың шоғырланып орналасуының діниғұрыптық маңызы бар. Сақтар ғасырлар бойы осындай «қасиетті жерлерге» құрбандық шалып, тағзым етіп отыруды әдетке айналдырған.
Орталық және Солтүстік Қазақстанға тән ерекше ескерткіш – «Тасмола мәдениеті» деп аталады. Бұл мәдениеттің Қазақстанның өзге өңірдегі ескерткіштерден ерекшелігі бар. Мысалы: Жетісу жеріндегі сақтардың «Бесшатыр» қорымында ағаш бөренеден жасалған обаның ішінде адам жерленіп, сыртынан тас қоршаумен қоршалады. «Тасмола мәдениетінің» ерекшелігі «мұртты обалардың» болуында. Мұндағы мәйіт негізгі обада