Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
Түгіскен қорымында 27 оба орналасқан. Ал Солтүстік Түгіскен бір мезгілде тұрғызылған Ұйғарақ қорымында 80 оба орналасқан. Олардың 70-де зерттеу жұмыстары жүргізілген. Сақ дәуірінің көрнекті ескерткіштері қатарында Сырдың төменгі ағысына жақын орналасқан Шірік-Рабат, Бәбіш Молда ескерткіштерін атап өткеніміз жөн.

      Сақ тайпаларына қатысты ескерткіштер Қазақстанның барлық өңірлерінде кездеседі. Археологиялық қазба жұмыстары барысында алынған құнды мәліметтер сақтардың тұрмысы, шаруашылығы, қолөнері, діни нанымсенімдері мен әдет-құрыптары жайлы түсінігімізді қалыптастыруда үлкен рөл атқарып отыр.

      Білімді тексеруге арналған сұрақтар:

      1. К.А. Ақышевтің сақтардың тарихын зертгеудегі орны мен рөліне тоқталыңыз.

      2. Есік обасынан табылған «алтын адамға» сипаттама беріңіз.

      3. Қазақстаннан табылған «алтын адамдар» жайлы не білесіз?

      4. Сақ дәуірін зерттеп жүрген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғалымдарының еңбектеріне тоқталыңыз.

      5. Тасмола мәдениетінің ерекшелігін атап көрсетіңіз.

      6. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде орналасқан сақ ескерткіштері жайлы не білеміз?

      § 2. Сақ тайпалары туралы ежелгі жазба деректер

      Ерте темір дәуіріне қатысты жазба деректерге көне парсы, грек, латын тілдерінде жазылған шығармалар және арамей әліпбиі негізінде жазылған көне иран деректері жатады. Б.з.б. VII ғасырда шығыста ірі-ірі төрт мемлекет болды. Олар: Мидия (Иран үстірті), Лидия (Кіші Азия), Вавилон (Тигр мен Евфрат өзен аралығы) және Египет. Б.з.б. 558 жылы парсы тайпаларынан шыққан Ахемен әулетінің негізін салушы Кир билікке келеді. Ол б.з.б. 558 жылы Мидия патшалығына қарсы көтеріліске шығып, үш жылдан кейін бұл патшалықты талқандап, жаңа мемлекет құрды. Парсы мемлекеті 547 жылы Лидия патшылығын, ал 539 жылы Вавилонды жаулап алып, империя деңгейіне көтерілді. Б.з.б. ҮЫУ ғасырларда Парсы империясын Ахеменид әулетінен шыққан Кир, Дарий, Кемфис, Ксеркс, Артабан және т.б. патшалар басқарды.

      Бехистун жазбасы karnegi.blogspot.com

      Бұл патшалардың тапсырмасымен тасқа сыналап жазылған жазулар біздің заманымызға дейін келіп жетті. Олардың қатарында Дарийдің «Бехистун», «Нахши Рустем», Ксеркстің «антидэвтік» тас жазбалары бар. Парсы патшасы I Дарий (б.з.б. 552-486 жж.) өзінен кейінгі ұрпаққа атын қалдыру мақсатында биік жерде орналасқан қара жартасқа өзінің өмірінде атқарған істерін, жазу және сурет түрінде қалдырған. Бұл жартас Бехистун атымен белгілі. Жазба бес бағанадан тұрады. Соңғы бесінші бағанасында парсы империясындағы сатраптардың аттары берілген. Он бесінші сатраптың құрамында бүгінгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың аттары көрсетіледі. Бұл тайпалардың жалпы атауы зака (сақ) деп берілген. Тас жазбалардағы мәліметтер бойынша олар: тиграхауда («шошақ бөрік киетін») сақтар, хаомаварга («хаом сусынын дайындайтын») сақтар, парадарайа («теңіздің немесе өзеннің арғы жағындағы») сақтар болып үшке бөлінеді. Тиграхауда сақтары


Скачать книгу