Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов
Иван Михайловичті шақырды. Қоршау ұзаққа созылып, Едіге Желал-ад-диннің Литваға Вивовт князьға қашып үлгергені және оның көмегімен Полат ханды талқандап Қырымда билікке келгені жөнінде хабар естіді. Едіге қоршауды тастап, Мәскеуден 3000 рубль өтемақы алып, Жайыққа қайтты.
Бұл жолы Едіге таққа Темір Құтлықтың ұлы Темір ханды алып келді. Сонымен қоса ханмен туыстық қатынас орнату үшін Едіге Темір ханға өз қызын береді. Алайда Темір Құтлық толықтай Едігеге қарсы коалицияда болып, Едіге Сарайдан кетіп, Сарайшыққа қашты. Ол жерде оны Темір хан қуып жетіп, әскерін талқандады. Едігенің өзі Хорезмге қашты, ал Темір Құтлық әскері Үргенішті қоршауға алды.
Бұл Темірдің тактикалық қателігі болды. Едігені талқандау мақсатында ол Желал-ад-динді қараусыз қалдырды. Темірдің жоқтығын пайдаланып Желал-ад-дин Сарайда, Алтын Ордада билікті өз қолына алады. Қысқа уақытқа Едіге үшін күрделі жағдай туды: оған қарсы өзара қырқысқан екі қарсыласы болды. Көп ұзамай Темір ханды өзінің сатқын әмірлерінің бірі өлтіреді, Ордада Хорезмнен басқа барлық жердегі билік Желал-ад-динге өтті. Оның да Едігені жеңетіндей күші болмай соғыс созылды. Үргенішті қоршау темірлік Шахрухтың өз әскерімен келуіне дейін жалғасты. Ол Хорезмнен екеуін де қуып шықты: Желал ад-дин Ордаға қайтып батыс ұлыстарын реттеді, Едіге өзінің Жайықтағы ұлысына қайтты.
Біраз уақытқа Желал-ад-дин Алтын Орданың бұрынғы беделі мен күшін қалпына келтірді. Тоқтамыстан кейін енді ғана орыс князьдары ханға бас июге барып отырды, 1412 жылы ордалық князь сарайына мәскеулік князьдар Василий Дмитриевич, тверлік князь Иван Михайлович, новгородтық, ярославтық князьдар сыйлықтарымен жиналды. Желал-ад-диннің күшеюі Тоқтамыстың көптеген ұрпақтарының қызғанышын тудырып, 14 ай билік еткен соң Желалад-динді тақтан тайдырып, туған бауыры Керімберді өлтіреді.
1408 жылы тақты алуға тырысқан Василий Дмитриевич пен ағасының істерін еске ала отырып, Керімберді сыртқы саясатында Мәскеу князын Литва солтүстік-батыс жерлермен соғысында қолдаған. Вивовт өз кезегінде Орда тағына үміткер екінші оғлан Бетсабулды қолдайды. Алайда Бетсабул ұстап алып, өлтірілді. Керімбердінің өзі де 5 ай билік етіп, 1412 жылы інісі Кебек өлтіріп тақтан тайдырды. Кебек өз атынан монеталар шығара бастады.
Тоқтамыс ұрпақтары өзара Ордадағы билік үшін таласты. Сарайшықта отырып Жошы ұлысында өз билігін қалпына келтіруге тырысты. 1416 жылы оның әйелі Меккеге қажылыққа көп байлықпен барғандығы туралы деректер бар.
1418 жылы Едіге Сарайшықта Алтын Орда ханы етіп Дервишті көтереді. Оның атымен Едіге сарайдан Вивовт көмегімен отырғызған ханды құлатады. Жаббардың артынан жүре отырып Едіге Қырымға кіріп, генеуэз қалаларын қоршады.
Тоқтамыстың соңғы ұрпақтары осылайша Алтын Ордадан қуылып, литвалық ұлы князьдың қолдауын тапты. Литвамен ашық соғысуға мүмкіндігі болмаған Едіге 1419 жылы Вивовтқа бай сыйлықтармен бейбітшілік ұсынысын жасайды. «Вивовтқа Едіге жазады: ұлы князьды ескермей қалдыра алмадым, сондықтан