Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
Ол аурудан басын көтеріп, келесі күні диванға қатысқысы келді. Адал адамдарының бірі Бердібектің келгенін біліп, жағдайды Жәнібекке жеткізді. Жәнібек уайымдап Тоғай Тоғлу хатунмен кеңесті. Хатун ұлына деген махаббаты үшін бұл мәліметтерді өтірік деп көрсетті. Жәнібек Тағлы байды жеке аудиенцияға шақырды. Оның осы іске қатысын білмей ол осы құпияны айтты. Тоғрыл бай уайымдап қалды. Мәселені шешу сылтауымен ол сыртқа шағып, бірнеше адамымен қайта кіріп Жәнібекті сол сәтте өлтірді».

      Жәнібек өлімін осылайша «Ескендір анонимі», Ғаффари және Хайдар Рази сипаттайды. Араб деректерінде оның өлімінің мұндай жағдайлары баяндалмайды. Никонов жылнамаларында оның ағайындары да өлтірілгені айтылған. Өзбек әулетінің барлық ханзадалары өлтірілді. Бердібек тұсында мемлекеттің әлсіреуі анық көріне бастады. Дәлелі ретінде Жәнібек тұсында Алтын Ордаға қосылған Әзірбайжаннан айырылуын атауға болады. Тебризде қалдырылған алтынордалықтар екі айдан соң Әзірбайжанды қалдырып, Сарайға оралды.

      Бердібек басқаруының басында-ақ Қырымда венециялықтармен қақтығыс болып 1358 жылда ғана тыныштандырылды. Жаңа келісім бойынша Орда венециялықтар пайдасына көптеген жеңілдіктер беруге тиіс болды. Венециялықтар бұрын кіруге рұқсат етілмеген Солдайда сауда жасау құқығын алды. Оның үстіне хан пайдасына алынып отырған шекаралық салық 3 пайызға төмендетілді. Осы жылдары орыс діншілдері де өз пайдаларына көптеген жеңілдіктер алды. 1357 жылы қарашада берілген Бердібек жарлығы бойынша орыс діншілдеріне Жәнібек кезінде алынған құқықтары қайтарылды. Олар шіркеулердің салығынан құтылды, хан юридикциясында шіркеу тәуелсіздігі қайта қалпына келді.

      Деректерде 2 жылдық Бердібектің басқаруы кезіндегі Орданың ішкі жағдайы туралы мәліметтер сақталмаған, замандастары тек Бердібектің өз туыстарына деген өте қаталдығы жайлы ғана айтады. Алайда Бердібектің террорлық басқару әдістері оның жағдайын жеңілдетпеді: екі жыл өткен соң 1359 жылы сарай төңкерістерінің бірінде қайтыс болды.

      Осылайша, Алтын Орда тарихында «дүрбелең кезең» басталды. 1359 жылы Бердібек өлтірілген сәттен 1380 жылы Тоқтамыстың таққа келуіне дейінгі кезде, яғни 20 жыл ішінде 20-дан аса хандар өзгерді. Олар бір-бірін соншалықты тез ауыстырып отырғандықтан жылнамашылар, тіпті, олардың атын жылнамаларына жазып үлгермеді.

      Бұл уақытта жошылардың хорезмдік облысы Алтын Ордадан бөлініп, сопылардың басшылығында Хорезмде жаңа мемлекет қалыптасты. 1361 жылдан Алтын Ордада хан атымен шығарылатын алтынордалық монеталар шығарылуы тоқтатылды. Соңғы рет бұл қалада Қыдыр хан монеталары шығарылды. Бұдан кейін ешқандай хан Хорезмде өз монеталарын шығармады. Ал Хорезмде дәл осы уақытта анонимді түрде «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген жазумен монеталар шығарыла бастады. Кейінірек шығарған адам аты жазылмай монеталарда алғашқы төрт халиф атымен шығарыла бастады.

      Хорезмнен бұрын Сарайдан Орда


Скачать книгу