Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
қиындата түсті. Көктем мен жаз мезгілдерінде өзара шабуылдар тұрақты сипат алды. Міне, сол кездері халық көтерілісін Сырым Датұлы басқарды. 1783 жылы тамыздағы шабуылдардың бірінде Сырым Орал казактары қолына тұтқынға түседі. Нұралы хан Сырымды қайтарып алу үшін 70 жылқы және 350 рубль күміс төледі. Қазақ даласына қайта оралған Сырым көтерілісшілерді маңына жинап, Орал казактарына қарсы күресін жалғастырды.

      Бұл кезде қазақтар көтерілісі жаппай сипат алып, оның басты бағыты Оралдың төменгі бойы мен Ор бекінісі аудандарына бағытталды. 1784 жылы қарашада Сырым Сағыз өзені маңына 1000 адамнан тұратын отряд жинады. Батырдың ханмен санаспай өз бетінше әрекет етуі хан екеуінің арасын салқындатты. Оның қозғалысына жауап ретінде қазақтардың наразылығын туындатқан жазалаушы отрядтар ауылдарды шабуылдап, тонады. 1775 жылдың көктемінен бастап Кіші жүз руларында қарама-қайшылық өріс алды.

      Сырым отряды Оралдың төменгі ағысындағы бекіністерге: Сахарный бекінісіне, Антоновский, Январцевский және т.б. форпостарға шабуылдады. Бұл кезде Айшуақ кепіл ретінде тұтқынға алынды. Сырым хандық және сұлтандық дәрежені сақтай алмаған Нұралы ханға қарсы шығады. Соңында осы жағдайдың нағыз иесі патшалық режим екені түсінікті болды.

      Сырым казактармен партизандық соғыс жүргізді, көтерілісшілердің шағын отрядтары тұтқиылдан және бір мезетте әр жердегі шептерге, патша үкіметіне қызмет еткен хандар мен сұлтандар ауылдарына шабуыл жасады. Шағын топтана қимылдаған көтерілісшілер патша әскері мен казак отрядтарының қолына түспеді. Дала тұрғындары көтерілісшілерге белсенді түрде көмек көрсетті, соңына түскен жазалаушыларға жалған бағыт сілтеп оларды жасырды. Көтерілісшілер әрбір ауылдан өздеріне баспана мен көмек ала алды.

      Нұралы ханның билігі дағдарысқа түсіп, халқы теріс айналды, ал Нұралының дәрменсіздігіне патша үкіметінің көзі жетті. Көтеріліс биліктің қатты алаңдатушылығын туғызған жаңа сатыға көтерілді. 1784 жылы Орынбор губерниясына қарасты Сібір және Самара өкілдігіне О.А. Игельстром тағайындалды. Игельстром қазақ мемлекеттілігі мен дербестігі саналған хандық билікті жоюға тырысты, сондықтан да реформа жүргізуді қолға алды.

      Кіші жүз старшындары ханға көңілдері толмады, наразы болды, өз кезегінде ханның да старшындарға деген сенімі азайған еді. 1785 жылдың күзінде патша әкімшілігі кеңесімен Кіші жүз старшындарының съезі болып өтті, онда Кіші жүзді басқаруды 3 бөлікке бөлу, жоғары билік басына съезд таңдауы бойынша старшын тағайындау мәселесі шешілді. Сонымен қатар патша әкімшілігіне бағытталған Нұралы ханды биліктен аластату, қысқы жайылым көлемін кеңейту, казактардың шапқыншылығын тоқтату секілді мәселелер де қаралды. С. Датұлы кеңесші болып сайланды. Шекаралық сот мекемесі туралы шешім қабылданды, жаңадан хан сайлау, Қайып хан мәселесі қаралды, бірақ Игельстром бұл шешіммен келіспеді. Старшындар патша үкіметіне адалдыққа ант берді. Игельстром 17 старшынға ауылымен Сахарная бекінісінен Гурьевке дейінгі Орал бойында көшіп-қонуға рұқсат етті, бұл өз


Скачать книгу