.

 -


Скачать книгу
Қытай әскерлері қазақтарды Жоңғария жерлерінен қуып шығуға байланысты бірнеше жазалау шараларын жүргізді. Дегенмен бұл әрекеттердің нәтижесі болмады, себебі қыстың басталуы мен қытайлықтардың кетуіне байланысты қазақтар осы территорияларға қайта оралды. Сонымен қатар XVIII ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысында қазақтардың Жоңғария аумағына келуі күшейгендіктен, Цинь үкіметі 1767 жылы Тарбағатай мен Іле өзені бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат беруге мәжбүр болды. Қарымтасына қытайлықтар жалға берілген жерлердің ақысын және қытай бодандығын қабылдауын талап етті. Нәтижесінде XVIII ғасырдың соңына қарай Орта және Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Қытай бодандығын қабылдап, Тарбағатайдың, !ле өзені даласы мен Моңғол Алтайының бай жайылымдарын иеленді. Бұл территориялар Қытайдың «Жаңа провинциясы» – Шыңжаң құрамына кірді. Осылайша, Абылай сұлтанның салмақталған және ойластырылған саясатының арқасында қазақ жасақтары Ресейден көмек алмай-ақ қытай басқыншылығын өз күштерімен тоқтата алды, сондай-ақ XVIII ғасырдың соңында қазақтар Шыңжаңның бай жайылымдарын иеленді, осының нәтижесінде Қазақстандағы жер дауы біраз бәсеңдеді. Дегенмен бұл түптің түбінде қазақ этносының Ресей мен Қытайдың арасында бөлінуіне алып келді.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Қазақстанды отарлаудағы Орынбор казак линиясының ішкі саяси жағдайларға ықпалы.

      2. Абылай ханның дипломатиялық саясатына баға беріңіз.

      3. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы сыртқы саяси өзгерістердің нәтижесі туралы баяндаңыз.

      4. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның геосаяси жағдайын талдаңыз.

      § 4. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресей үкіметінің саясаты

      XVIII ғасырдың екінші жартысында Батыс Қазақстан территориясындағы маңызды мәселелердің бірі жер мәселесі еді. XVIII ғасырдың 30-жылдарынан бастап Ресей үкіметі Ресей мемлекеттілігі концепциясын басшылыққа ала отырып, қазақтардың жерін де, өзін де империяға бағынышты етуден үміттенді. Өлкенің әрбір әкімшілігі Ресей империясы билігіне толықтай әрі тұтастай кіргелі жатқан жер өсіміне өз үлесін қосуға тырысты. Осы саясатты жүзеге асыру барысында қазақтардың, қалмақ, башқұрттардың дербестіктері толықтай жойылды, сонымен бірге ресми билік жергілікті халықтың батыл қарсылығына тап болды. Сондықтан да олар жерді бөлшектеудің және бөлудің түрлі әдістері мен амалдарын: ұлттарды бір-біріне айдап салуды, халықтың барлық тобынан өздерінің агенттерін жасақтауды, казактарды отарлаудың басты күші ретінде толықтай бағындыруды қолдана бастады. Бұл саясат И.И. Неплюевтің «қосымша» жоспары түрінде рәсімделді де империя үстемдігі Қазақстанда түрлі жолмен жүзеге асырылды. Бұл саясат аймағы империямен шекаралас жатуына байланысты Батыс Қазақстан территориясында толықтай атқарылды. Осы себептен де қазақ рулары мен барлық Кіші жүздегі билік құрылымындағы қарамақайшылықтар, сондай-ақ ұлт-азаттық қозғалыстардың қиыншылықтары, Ішкі (Бөкей)


Скачать книгу