Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
өз еркімен малын айдап және әскери бекіністерге қарулы шабуылдар жасады. Қазақ халқының Ресейдің отарлау саясатына қарсылығы ретінде көрші елдерге көшіп кету арқылы бодандықтан бас тарту әрекетін айтуға да болады. Сонымен қатар Жоңғар мемлекетінің жойылуына байланысты Қытай шекарасында бос жерлер пайда болды. 1759 жылы Нұралы хан орыс әкімшілігіне қазақтардың қазақ-қытай шекарасына көшіп кеткелі жатқандығын мәлімдейді. Қазақтардың екінші және жүзеге асуы беймәлім әрекеті Түркия жеріне көшіп кету болды. Осылайша, орыс отарлаушы әкімшілігі қазақ қоғамының экономикалық негіздерін бұзатын көптеген шектеулер қоя отырып, XVIII ғасырда қазақ даласына белсенді түрде ене бастағандығын айтуға болады. Мұның барлығы XVIII ғасырдың 70-жылдары қазақтарды отарлауға қарсы қозғалысының кеңінен өріс алуына себеп болды. Сондай-ақ орыс әскерлерімен ғана емес, ішінара патшалыққа адал қызмет етуші қазақ билеушілерімен де күрес жүргізілді.
Жоңғарияда Қалдан-Церен қайтыс болғаннан кейін оның мұрагерлері арасында билік үшін кескілескен күрес басталды. Қазақ сұлтандары жоңғар
Абылай хан билеушілерінің талас-тартыстарына қуана қатысты, себебі бұл оларға Жоңғарияның ішкі істеріне белсенді қатысып, Цеван-Рабдан мен Қалдан-Церен тұсында жаулап алынған Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жерлерін қайтарудың сәтті мүмкіндігі болды. Жайылымдық жерлері жоңғар иеліктерімен көршілес орналасқан Абылай сұлтан Жоңғариядағы жағдайларға ерекше қызығушылық танытты. Таққа мұрагерлерді кезекпен қолдай отырып, жоңғарлардың территориядан бірталай шегінуіне қол жеткізді. Осы уақытта Моңғолиядағы қытай билеуші өкілдері Жоңғариядағы жағдайды жіті бақылады және осы елді жаулап алудың жоспарын дайындады. 1755 жылы Цинь императоры өз әскерін Жоңғарияға енгізді. Қытайлықтар елдің барлық территориясын алуға үміттенді, бірақ Зайсан мен Алакөл көлі маңында жүрген қазақтармен қақтығысқа түсуден қашты. 1755 жылы жазда Қазақстанға Абылай сұлтанға қазақтармен арадағы бағытын айқындау үшін қытай елшілігі жіберілді. Бірақ Абылай хан Жоңғарияның басып алынуын мойындамай, жоңғарлардың Цинь империясына қарсы көтерілісін басқарған Әмірсанаға белсенді көмек көрсете бастады. 1756 жылы көктемде қазақ жасақтары қытай әскерлеріне қарсы Жоңғарияға жорық жасады. Осыған жауап ретінде қытай императоры Қазақстанды жаулап алуды бастауға бұйрық берді. Қарсылық көрсеткен жағдайда Қазақстанның барлық тұрғынын жою арқылы Орта жүздің жайылымына екі жақтан – оңтүстіктен және шығыстан басып кіру жоспарланды.
Сонымен қатар қытай әскері осы уақытта Абылай ханды паналап жүрген Әмірсананы тұтқынға түсіруі керек болды. Шығыстан жылжыған әскерге Әмірсана мен Қожаберген батыр бастаған қазақ-жоңғар жасағы шабуылдады. Оңтүстік әскеріне Абылай мен Бөгенбай батырдың жасағы қарсы шықты. Қазақ ауылдарының орыс шекаралық шептеріне көшіп кетуіне мүмкіндік беріп, қазақ жасақтары Цинь әскеріне бірнеше соққы жасап, олардың