Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
жағынан қол қойылған сол уақыттың құжаттарында маңызды мемлекетаралық мәселелер көрініс таппаған. Соның ішінде әкімшілік-территориялық шегі, шекара мәселелері, жер қорын пайдаланудың болашағы, казак жасақтарын орналастыру, шекаралық шептердің күші орнаған аудандарда орыс қоныс аударушыларын орналастыру мәселелері бар. Бұл мәселелер орыс билігінің таралуына қарай Жоңғар хандығы әлсіреген кезеңде Әбілқайырдың Орынбор әкімшілігімен жиі әрі күрделі келіссөздер жүргізуінің және ханның Ресейге байланысты ұстанымының нашарлауының басты себептері болды. Әбілқайыр өзіне жасалған Орынбордың әкімшілік қысымына қарай әскери-инженерлік база құрылыстарын кеңейтудегі патшалықтың қауіпті шараларын түсінді. Әскери-инженерлік база салу арқылы патшалық өлкеде әскери-отырықшылық отарлауын жүргізді. Тек 1740-1743 жылдар аралығында Кіші жүз бен Оңтүстік Орал жерлерінің шекарасында қазақ жерлерін айтарлықтай тарылтқан көптеген қамалдар салынды.

      Аса ірі өзгерістер Орынбор губерниясының құрылуы және оның бірінші губернаторы болып генерал И.И. Неплюев тағайындалуымен байланысты болды. И.И. Неплюев пен Әбілқайырдың арасында кикілжіңдер мен келіспеушіліктер басталды. И.И. Неплюевтің қызметімен бірқатар әкімшілік-саяси шаралар байланысты болды. Орынбор қаласы Сақмар өзенінің Жайыққа құяр жеріне ауыстырылды, жаңа Орынбор шептерінің қамалдары мен редуттары салынды, Үй шебі нығайтылды, қазақтармен және Орта Азия халықтарымен сауда дамытылып, өркендеді. И.И. Неплюев нығайтылған шептер құрылысын кеңейту жөнінде қатаң саясат жүргізді7. Қазақтардың Жайық өзенінің оң жағалауына, яғни олардың иеліктеріне еркін өтуіне кедергі келтіріліп, Жайық шебі кеңейтілді. Үй шебі шығысында жаңа Есілмен бірігуі керек еді. Жаңа Есіл шебі өз кезегінде Ертіс шебі арқылы Сібір редутымен бірігіп, оған 1743 жылы негізі қаланған Троицк бекінісі қосылды. Кейіннен оған жаңа Есіл шебінің құрамында болған Звериноголовск қамалы қосылды. Нығайтылған шептерді мақсатты түрде біріктіргеннен кейін Орынбор, жаңа Есіл, Ертіс, Сібір, Ор шептері Қазақстанның солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс аймақтарын қоршады. Нәтижесінде Оралдың сағасынан Өскемен бекінісіне дейін 3,5 мың шақырымға созылған, негізінен, казактар қоныстанған қамалдар мен форпосттардың үзіліссіз шептері қалыптасты. Қазақ жерлері шамамен 70 мың шаршы шақырымға қысқартылды.

      И.И. Неплюевтің басты мақсаты Әбілқайыр ханның саяси билігін әлсіретіп, тізгіндеп, отарлау саясатын жүзеге асыру болды. Түрлі саяси кикілжіңдерді туындату арқылы Әбілқайырдың билігін шектеуді көздеді. Ол Орта жүздің көрнекті Шыңғыс ұрпақтарымен, оның ішінде Барақ сұлтанның арасындағы араздықты тиімді пайдаланды. Қазақ билеушілерін бір-біріне айдап салу арқылы олардың арасындағы араздықты одан әрі шиеленістіріп, жүздердің тұрақтылығын әлсіреткісі келді. Әбілқайыр хан күтпеген жерден қаза табуына, ішкі саяси тартыстармен қатар оның Барақ және Батыр сұлтандардың жері арқылы өтетін сауда керуендерінің бағытын бақылауда ұстауға ұмтылуы


Скачать книгу

<p>7</p>

Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сб. 2. – 2-е изд. / под ред. профессор С.Д. Асфендиярова. – Алматы, 1998. – 350 с.