Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
салаларын дамытуға, жетілдірілген музыка аспаптарын жасап шығаруға мүмкіндік береді. Дыбыс жазу орындарының бәрінде қолданылатын «акустикалық жарақтандырылған бөлме» деген ұғым бар. Акустика гректің «akustikas» деген сөзінен шыққан, «еститін, тыңдайтын» деген мағынаны білдіреді. Бұл дыбыс туралы ілім – физиканың маңызды салаларының бірі. Аристотель дыбыс тарайтын ортада сиреу мен сығылу процестерінің алмакезек ауысып отыратыны және дыбыстың шағылуы нәтижесінде жаңғырық пайда болатыны туралы болжам жасаған. Барлық ғылымдарға тән орта ғасырдың тоқырау дәуірінде акустиканың дамуы да біраз тежеліп, XVI ғасырдан өз алдына ғылым ретінде қалыптаса бастаған. XV-XVI ғасырда итальяндық ғалым Леонардо до Винчи дыбыстың шағылу процесін зерттеп, әртүрлі дыбыс көздерінен шыққан дыбыс толқындарының таралуындағы тәуелсіздік принциптерін тұжырымдаған. Г. Галилей деген француз ғалымы және М. Мерсенн дыбыс тонының жоғарылығы туралы зерттеу жүргізіп, оның тербеліс жиілігіне тәуелділігін анықтаған. Мерсенн дыбыстардың ауада таралу жылдамдығын алғаш рет анықтаған, ал мұны П. Ламмес аса дәлдікпен есептеп шығарған. Басқа бір топ ғалымдар дыбыстың суда таралу жылдамдығын анықтаған. Осы ғалымдардың бәрі акустика ғылымын өрістеткен, дамытқан, өзіндік үлестерін қосқан.
Қазіргі акустика мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпы акустика және іс жүзінде қолданылатын акустика. Олар физиологиялық, музыкалық, архитектуралық және атмосфералық акустика, электроакустика мен гидроакустика сияқты салаларға бөлінеді. Жалпы акустикада дыбыстар пайда болуы мен таралуы процестері эксперименттік және теориялық тұрғыдан қарастырылады.
Атмосфералық акустикада атмосфераның түрлі қабаттарында дыбыстың таралу, жұтылу және сейілу процестері қарастырылады. Физиологиялық акустикада адам мен жануарлардың есту және дыбыс шығару мүшелерінің ерекшеліктері зерттелінеді. Электроакустикада дыбысты жұтып алу мен қайта шығару және электрлі музыка аспаптарын өндіру, өндіріске енгізу мәселелері зерттелінеді. Архитектуралық акустика салынатын ғимараттардағы дыбыстардың таралу процестерін қарастырады. Акустикалық тәсілдер ғылым мен техниканың сан алуан мәселелерін шешуге қолданылады. Дыбыстың түрлі ортада таралу қасиеттеріне негізделіп жасалған құралдың көмегімен теңіздер мен мұнай ұңғымаларының тереңдігі де дәл анықталады. Ал ультрадыбыс қатты заттарды уақтайды, өсімдіктердің өсуін тездетеді, бағалы материалдарды өңдейді. Ультрадыбыстың көмегімен әртүрлі детальдардағы ақаулар анықталады, ауруларға диагноздар қойылады, т.б. өндіріс салаларында пайдаланылады. Акустикалық материалдар – құрылыстардың акустикалық қасиетін жақсарту мақсатында қолданылатын заттар. Ол қаптау және төсеу материалдары болып бөлінеді. Қаптау материалдары дыбыс жұту (үй ішінде), шуды бәсеңдету (өнеркәсіп цехтарында, хирургиялық операция бөлмесінде, т.б.) немесе қоғамдық орындарда (көру залы, радио- және телестудияларда) естілу мүмкіндігін жақсарту үшін қолданылады. Толық акустикалық жарақтандырылған, дыбыс жазу процестеріне қатысты жабдықтармен, құралдармен қамтамасыз етілген радио үйінде хабар дайындаушы шығармашылық топпен бірге техникалық қызметкерлер де еңбек етеді. Радио үйі сияқты ғимараттардағы шуды бәсеңдету