Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы

Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы


Скачать книгу
уақытын үнемдеуі және басқалар.

      Осының ішінде музыканы компьютерде өңдеудің жаңа шығармашылық мүмкіндіктеріне қысқа тоқталып өткен орынды. А. Загуменнов [36] бұл процестерді үш топқа бөледі: қарапайым редакциялау, дыбыс процестері және дыбыс эффектілері. Қарапайым редакциялау кезінде дыбыс материалы компьютерде өңделіп, артық тұстары алынып тасталады, орындары ауыстырылады және басқа да монтаждаудың дағдылы міндеттері атқарылады. Мысалы, жазып алған сұхбатыңыздың кез келген тұсын кесіп алып тастайсыз немесе орнын ауыстырасыз, қайталанған сөздерді, іркілістерді жоясыз және басқалар. Ал абайсызда қателік жіберіп қойсаңыз кері оралып, жұмысты қайта жалғастыруыңызға болады. Аналогтық лентамен жұмыс істегенде байқаусыз қиған тұсыңызды қайта қалпына келтіру тіпті де қиын. Дыбыс процестеріне төмендегі міндеттер жатады:

      – дыбыс тербелістерін біріктіру;

      – кері аудару, әдетте стереоэффекті қалпына келтіру үшін жасалады;

      – тербеліс деңгейлерін өзгерту, мысалы тым жоғары, қатты шыққан дыбысты төмендетеді, т.с.с;

      – тұрақты токты өзгерту;

      – қалыптандыру, дыбыс деңгейін бір дәрежеге көтеру үшін қажетті аса маңызды функция, оны қолданғанда дыбыс деңгейінің кенеттен төмендеп кетуі, бәсеңсуі болмайды, сапасына нұқсан келтірмей, бұл операция осындай ой-шұқырларды теңестіреді;

      – панораманы кеңіту, дыбыстың шекарасын, ауқымын кеңітеді;

      – жиілігін түзету, бір сапа деңгейінен екіншісіне ауыстыру, мысалы интернетте тарату үшін жоғары сапалы дыбыс қажет емес, сондықтан оны төмен жиілікке түсіру арқылы файлдың көлемі ықшамдалады және тез тасымалдануы үшін жеңілдетіледі;

      – әртүрлі сүзгілер, олар дыбысқа қосымша реңк беру үшін қолданылады.

      Дыбыс эффектілері ретінде келесілер қарастырылады:

      – сигналды тежеу;

      – тербелісі мен фазасын өзгерту;

      – дыбысталу деңгейі мен уақытын өзгерту;

      – ерекше эффектілер қолдану;

      – жаңғырық;

      – караоке және басқалар.

      Компьютерде дыбысты өңдеу тәжірибесі күн өткен сайын толыға түсуде және бұл бағытта мыңдаған адамдар ізденістер жүргізіп, жаңа мүмкіндіктерді ашып, бар технологияны жетілдіруде, көптеген арнайы мектептер мен жоғары оқу орындары мамандар даярлау ісімен айналысуда. Болашағы зор нарық ретінде де қалыптасып үлгерді. Радиотелевизиялық технологиялар да бір орнында қалып қоймай күнделікті даму үстінде. Соңғы кезде ол жаңа бір технологиялық секіріс жасап, бұған дейін радио ҒМ диапазонына көшуіне байланысты дыбыс сапасы едәуір жақсарып, жаңа деңгейге көтерілген еді. Барлық радиохабарларын тарату цифрлы форматқа көшірілуде. Бұл үрдіс шетелдерде жаппай қолға алынуда. Мұндай жағдайда цифрлы радиоқабылдағыштар арқылы қазіргіден жоғары сапалы, тіпті ауқымды естілетін дыбыс сапасына қол жеткізіледі. Шағын ғана радиоқабылдағыш құралдар сізді қай жерде жүрмеңіз ақпаратпен қамтамасыз етіп, болып жатқан оқиғаларды,


Скачать книгу