Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы

Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы


Скачать книгу
шоқтығы биік туындылар қазақ сөз өнерінің түптөркінінен, кейінгі мұраларынан қаншалықты құнар алғанын, бүгінгі оқырманға кешегі өмірді қаншалықты жақын сездіре алатыны талқыға түседі. «Өнернама» атты хабарлар желісінде қазақ театр, кино, сурет өнерінің тууы мен қалыптасуы, бүгіні мен ертеңі – бағдарламаның негізгі тақырыптары, аудитория көңілінен шыға білген болатын. «Бағзыдан жеткен сыр» хабарында бағзыдан бізге жеткен һәм жарым-жартысы жеткен қазақтың көне қалалары жайлы деректер, тарихи-мәдени ескерткіштер, салт-дәстүр, ежелгі ғұрыптар, жөн-жоралғылар әңгіменің негізгі өзегі болады. «Білте шамның жарығы» атты бағдарламада «Қобыланды», «Алпамыс» секілді батырлар жырын, «Қозы көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» секілді ғашықтар жырларын, қазақтың ертегілерін, М. Әуезовтің «Қараш-қараш» шығармасы, І. Жансүгіровтің «Құлагер» секілді ескірмес мұраларын, соған қоса қазақ әдебиетінің қазіргі айтулы шығармаларына орын берілді. «Қазақстан» арнасындағы «Дара жол», «КТК» арнасындағы «Жүрек жарды» (жоба өкінішке орай жабылып қалды), т.б. хабарлар да ұлттың өнегелі өкілдерін жас ұрпаққа үлгі етіп, келер ізбасарлардың тәрбиесіне атсалысып отырған ауқымды дүниелер екендігін айтуға болады. Үлгі ретінде ұсынылып отырған аталмыш бағдарламалардың уақыт ағымына сай форматы, пішіні, атауы, жанры, үрдісі өзгеріп отыруы – міндетті құбылыс.

      Ұлттық ділде дайындалған хабарлар қай кезде болмасын халық жүрегіне жол табатынын баса айтқымыз келеді. «Әр жұрт, әр мемлекет мәдениет майданында ілгері-кейіндінің қатасыз бір өлшеуіші – баспасөзі болады. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі екендігі көрінеді» [3], – деп Міржақып Дулатов айтқандай, БАҚ құралдарының қоғамдағы рөлін арттырудың маңызы зор. Ұлттық БАҚ-қа мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген жерде БАҚ-тың, оның ішінде ұлттық электронды журналистиканың пәрменділігі артар еді. БАҚ-тың қоғамдағы орнын сараптаған кезде оның негізгі міндеттерінен барып, электронды БАҚ-тың мақсаты туындайды: 1) тыңдарманға мағлұмат беру; 2) жаңалықты жеткізу, мәлімет тарату, сенсация тудыру; 3) тиянақты ой, шешімді түйін, ұсыныс пікір қалыптастыру; тыңдарманға мағлұмат беру, жаңалықты жеткізу, мәлімет тарату мәселелері электронды журналистикада өзіндік сүрлеуін тапқан. Сенсация тудыру шеберлігін де отандық журналистер үйрену үстінде. Тиянақты ой, шешімді түйін, ұсыныс пікір қалыптастыру дәрежесі де жоғары деңгейде қалыптасуда. Алайда көптеген журналистерде мәселені көтеру, аудиторияға жеткізу бар да оны шешу жолдарын көрсету, бағытын ұсыну жағы кемшін тартуда. Қоғамдағы шешімін таппай жатқан жайларды көру, айту керек. Ал оның шешілу жолын тиісті орындармен келісе отырып көрсетуге тырысқан хабарлар рейтингісі асқақтайтыны ақиқат. Түйіні табылмай жатқан мәселелерді құр айта беру халықты тығырыққа тірейтін факторлардың бірі болып табылады.

      Дүниежүзілік компьютерлік желіде ақпарат сайтқа орналастырылған сәттен бастап,


Скачать книгу