Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова


Скачать книгу
Кортунова (1978), Н.И. Андреев (1990), С.И. Андреева (1984), Г.М. Дукравец және басқалары (1973), Л.И. Шарапова және басқалары (1985) және т.т. атқарды. Ал С.И. Ибрашева Алматы қаласының маңындағы суқоймаларының гидробионттарын алғашқы зерттеушілердің бірі болды. 1959 жылы Қазақстан ҒА Зоология институтында әуелі сектор, кейіннен ихтиология және гидробиология бөлімі ұйымдастырылды. Бұл институтта А.С. Малиновская, В.А. Тэн, Т.С. Стуге, Т.Т. Трошина, С.А. Матмуратов, Е.Г. Крупа, О.Е. Лопатин, Н.С. Айнабаева және т.б гидробиологтар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді және жүргізуде. Зоология институтында ашылған бұл бөлім кейіннен Арал, Балқаш, Алтай бөлімшелерін қамтитын Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына (КазНИИРХ – қазір «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы») айналды. Бұл институтта көптеген ғалымдар (Н.А. Амиргалиев, Н.С. Воробьева, С.К. Тютеньков, А.П. Фаломеева, Л.И. Шарапова, Э.В. Логиновских, Р.Е. Садуакасова және басқалары) Қазақстанның барлық территорияларындағы табиғи және жасанды суқоймаларында зерттеу жұмыстарын жүргізді және жүргізуде. 1961 жылы ҚазМУ-да (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) ихтиология және гидробиология кафедрасы ашылды. Бұл кафедрада және оның жанындағы Ғылыми-зерттеу лабораториясында проф. Н.З. Хусаинова, доцент С.И. Ибрашева, проф. В.П. Митрофанов, доценттер Г.М. Дукравец, А.П. Фаломеева, В.А. Смирнова, А.Ф. Сидорова, Ш.Г. Курмангалиева, Г.Я. Буранбаева, Т.И. Збарах, Р.Х. Мамилова, Л.И. Шарапова, Б.Қ. Минсаринова және т.т. еңбек етті және етуде. Бұл ғалымдар гидробиология ғылымының Қазақстанда дамуына және қалыптасуына үлкен үлес қосты және қосуда.

      Сұрақтар:

      1. Гидробиология ғылымы және оның салалары мен зерттеу нысандарын сипаттаңыз.

      2. Гидробиологияның теориялық міндеттерін түсіндіріңіз.

      3. Гидробиологияның қолданбалы міндеттерін түсіндіріңіз.

      4. Гидробиология ғылымының қалыптасу тарихын сипаттаңыз.

      5. Гидробиология ғылымының Қазақстанда қалыптасу тарихын сипаттаңыз.

      6. Оқытушының тапсырмасы бойынша Қазақстанда гидробиология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың жұмыстарымен танысып, реферат дайындаңыз және оны білім алушылар алдында қорғаңыз.

      1-бөлім

      ГИДРОСФЕРА – ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕКЕНДЕУШІЛЕР

      1-тарау

      ГИДРОБИОНТТАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫНЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

      Гидробионттардың тіршілігіне су физика-химиялық дене ретінде үздіксіз әсер етеді, өйткені ол тірі организмдердің қызметінде басты маңызға ие. Бұл организмде жүретін биохимиялық реакциялардың негізгі ортасы әрі протоплазмаға қажетті құрамдас бөлігі. Қоректік заттар организмде, негізінен, су ерітінділері түрінде айналыста болады, тасымалданады, қажетсіз затайналу өнімдері организмнен шығарылады. Яғни су организмдердің физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырып, оларға тірек ретінде қызмет атқарады, оттек және қорекпен қамтамасыз етіп, зат алмасу өнімдерін алып кетеді, гидробионттарды


Скачать книгу