Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Сасықкөлдің зоопланктонының сандық даму деңгейі 50-жылдармен салыстырғанда 3,7 есе артты, ал Алакөлде зоопланктон молшылығы сол бұрынғы орнында қалса, Қошқаркөлде 2 еседей азайды. 80-жылдары Сасықкөл мен Қошқаркөлде қауымдастықтарда Daphnia magna ірі шаянының басым болуына байланысты зоопланктон биомассасы күрт артты. Сасықкөлде зоопланктонның жазғы биомассасының көрсеткіштері 1,64-тен 4,47 г/м3-ге, ал Қошқаркөлде 2,08-ден 5,95 г/м3-ке дейін кө-бейді.
XXI ғасырдың басында (2001-2004 жж.) Алакөл көлдер жүйесінің барлық учаскелерінде зоопланктонның сандық көрсеткіштерінің төмендеуі байқалды. 2004 жылы Алакөлде зоопланктонның сандық дамуы 20,6 мың дана/м3 және 0,2 г/м3 болды. Акватория бойынша саны 5,3 мың дана/м3-тан 29,7 мың дана/м3 аралығында ауытқыса, ал биомасса 0,06-0,3 г/м3 шегінде болды. Көлдің шығыс бөлігіне минималды көрсеткіштер тән: 5,3 мың дана/м3 және 0,06 г/м3 болды. Суқоймасының солтүстігінде, Бесқопа өзені ықпал ететін аймақта, қауымдастықтың орташа саны 29,7 мың дана/м3 болса, биомассасы 0,2 г/м3 болды. Зоопланктоценоздың саны бойынша көшбасшысы коловраткалар (44,9 %), биомасса бойынша бұтақмұртты шаяндардың өкілі, негізінен, Daphnia galeata (65,9 %) болды. Көлдің батыс бөлігінде коловраткалар мен бұтақмұрттылардың дамуы нашар, саны бір кубометрде бірнеше ондықтан аспады. Көлдің планктоны есекаяқты шаяндар қалыптастырды, олар биомасса және саны бойынша 100 %-ды құрады.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.