Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова


Скачать книгу
(120 түр) басым, екінші орында амфиподалар (74 түр), ал үшінші орында олигохеттер (31 түр) тұр. Десе де бентостың көптігі және алуантүрлілігі 50-70 м тереңдікке дейінгі жоғарғы аймақта. 100 м-ден төменде түптік фауна сапалық және сандық жағынан кедей, негізінен, мизидалардан тұрады. Солтүстік Каспийдің негізгі аймағында бентос биомассасы1-30 г/м2 аралығында ауытқыса, тереңсулы аймақтарда 100 г/м2-қа дейін өзгереді. Түптік жануарлардың максимум биомассасы Солтүстік Каспийде 50 мге дейінгі тереңдікте (500-1000 г/м2) бақыланған, бұл жерлерде нереис пен моллюскалар басым болды. Оңтүстік Каспийде бентостың ең жоғарғы биомассасы қысқы (63,83 г/м2) және жазғы (51,26 г/м2) кезеңдерге сәйкес келеді.

      2005 жылдың күзінде Каспий теңізінің қазақстандық акваториясында зоопланктонның 31 таксонға жататын өкілдері анықталған. Қауымдастықтың негізін шаяндардың эвригалинді және теңіздік түрлері (Copepoda – 8 түр, Cladocera – 5түр), кең тараған эвригалинді коловраткалар (Rotatoria – 8 түр) құрады. Зоопланктонның орташа саны 44,47 мың дана/м3 құраса, биомассасы 299,25 мг/м3 болды. Сандық көрсеткіштердің негізін ескекаяқты шаянтәрізділер құрады. Олардың саны бойынша үлесі 82,5 %, ал барлық қауымдастықтағы үлесі 95,5 % болды (Стуге, 2006).

      2007 жылдың маусым айында солтүстік шығыс Каспийде зоопланктонның 16 таксонына жататын организмдер табылды. Олар: медузалар – 1 түр, коловраткалар – 1 түрше, ескекаяқты шаяндар – 2 түр, сонымен қатар түптік немесе бекініп тіршілік ететін организмдердің – моллюскалардың, мұртаяқты шаяндардың, шаянтәрізділердің және көпқылтанды құрттардың дәрнәсілдері. Саны жағынан планктон қауымдастығының негізін ескекаяқты шаяндар құрды (20,7 мың дана/м3 және 499,7 мг/м3), олардың үлесіне саны бойынша барлық зоопланктонның 94 %-ы және биомассасы бойынша 98 %-ы тиесілі болды.

      2007 жылы маусымда Каспий теңізінің шығыс жағалауында зообентос құрамынан омыртқасыздардың 33 таксоны анықталды: құрттар – 5 түр, моллюскалар – 5, шаянтәрізділер – 22, насекомдардың дернәсілдері – 1 түр. Кездесу жиілігі бойынша олигохеттер (70-90 %), Hediste diversicolor O.F.M. полихетасы, Abra ovate (Phil.) моллюскалар басым болды. Шаянтәрізділердің арасында Stenocuma gracioloides (Sars) және Stenogammarus similes (60-70 %) басым болды.

      2007 жылы зообентос, негізінен, құрттар, моллюскалар және шаянтәрізділер есебінен қалыптасты. Акватория бойынша орташа санды (52 %) олигохеттер мен Hediste полихетасы құрды, ең басым шаянтәрізділер (36 %) болды. Биомассаның негізін маңыздылығы жағынан құрттар мен шаянтәрізділермен бірдей болатын A. ovate моллюскалары (76 %) түзді.

      2008-2010 жылдары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің зоопланктоны 82 таксонның өкілдерінен тұрды. 2009 жылы сәуір айында солтүстік Каспийдің олигогалинді аймағында қауымдастықтың негізгі ядросын коловраткалар мен шаяндардың ащылаусулы және тұщысулы түрлері құрады. Олар: Asplancha priodonta (кездесу жиілігі 100 %), Notocla sarsi (75 %). 2009-2010 жылдары көктем айларында орталық Каспийде кездесуі бойынша эвригалинді Acartia tonsa басым (100 %) болды. 2008 жылы ащылаусулы аймақта B. longirostris, коловраткалар арасында A. priodonta, B. diversicolor және Keratella tropica басым болды. Мезогалинді аймақта ащылаусулылық эвригалинді


Скачать книгу