Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова


Скачать книгу
омыртқасыздардың жаңа түрлерін мақсатты түрде жерсіндіру кәсіптік балықтардың қорек базасын оңтайландыруға алып келді. 1910 жыл мен 1990 жылдар арасында Каспийде түптік омыртқасыздардың жаңа 18 түрі пайда болды (Филиппов, Аладин, 2003). Олардың арасынан Mytilaster lineatus (Gmel.) және Abra ovata қосжақтаулы моллюскалары, Nereis diversicolor көпқылтанды құрттары, Palaemon elegans креветкалары, Rhithropanopeus harrisii крабтары және мұртаяқты шаяндар ойдағыдай жерсінді. Balanus improvisus және B. eburneus мұртаяқты шаяндары Каспий теңізіне 1952 жылы Волго-Дон каналы ашылғаннан кейін енді. Олар алғаш рет 1955 жылы Солтүстік және Орталық Каспийден табылды. Қазіргі кезде теңіз жаңғақтары кемелер мен гидротехникалық құрылыстардың қапталуында басым рөл атқарады.

      XX ғасырдың 70-жылдарында Волго-Дон каналы арқылы енген кездейсоқ келімсектердің қатарына аурелия медузасы – Aurelia aurita болып табылады. 1980 жылы оның биомассасы 500 млн тоннаға және мнемиопсис ескекшісінің – Mnemiopsis leidyi биомассасы 1-5 кг/м2-қа жетті. Ескекші-эвригалинді түр, ол теңіздің барлық аудандарына таралды, жыртқыш. Шаянтәрізділермен, балықтардың уылдырықтары және шабақтарымен қоректенеді. Ескекшінің енуі автохтонды түрлердің биомассасын 5-20 есе төмендетті, барлық экожүйеде көзге түсетіндей сандық өзгерістер тудырды.

      Аборигенді түрлерге келімсектердің әсері. 1940 жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басында байқалған Солтүстік Каспийдегі келімсек түрлердің таралуы мен жаппай дамуы түптік омыртқасыздардың автохтонды түрлеріне әсерін тигізбей қоймады. Аборигенді формалардың кеңістікте орналасуы және маусымдық динамикасының сипатын талдау нереистің хирономидтерге, олигохеттерге және адакналарға теріс әсер ететінін көрсетті. Теріс әсердің көрінісі аборигендердің орташа молдығының төмендеуіне және оларды байырғы мекендеу ортасынан ығыстырып шығаруымен байқалды.

      1930-1980 жылдары түптік омыртқасыздардың аборигенді топтарының арасында дрейссеналар, гипанистер (Adacna және Monodacna туыс-тармақтары), олигохеттер мен шаянтәрізділер басым болды. 1930-1960 жылдары дрейссеналар мен кардиидтердің саны төмендеді, десе де 1980 жылдардың аяғында олардың санының біршама қалыпқа келгені байқалды. Бүйіржүзгіштердің, негізінен, биомассалары өсті, бұл көрсеткіш 1986 жылы 1935 жылмен салыстырғанда 3 есе артты (Яблонская, Осадчих, 1996; Карпинский, 2000, 2002). Оңтүстік Каспийде 1930-1980 жылдары Орталық Каспийдегі аборигендердің түрлеріндей түрлер басым болды.

      Каспий теңізінде абралардың таралуын көптеген зерттеушілер жерсіндірудің абориген түрлеріне еш зиянсыз жүзеге асқаны деп көрсетеді. Десе де абраларды ендіру церастодермдерді және автохтонды каспийлік кардиидтерді байырғы биотоптарынан кетуіне мәжбүрледі. Бұлайша ығыстыру абралардың бәсекеге өте шыдамды болатынын көрсетеді: сүзгіш жылдамдығы жоғары және оттек жетіспеуіне шыдамды. Орталық және Оңтүстік Каспийде митилястераның жаппай дамуы Dreissena caspia және D. elata (Andr.) толықтай жойылуына алып келді. Бұлар митилястераны ендіргенге дейін бұл аудандарда кең таралғанды (Логвиненко, 1965). 1970-1980 жылдары митилястераның санының біршама


Скачать книгу