Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова


Скачать книгу
енген. Алдамшы (квазитұрақты) кезеңдегі салыстырмалы түрде аса жоғары емес тұздылық, орташа 10,3‰, омыртқасыздардың тұщы және ащылаусулық түрлерінің дамуына ықпал етті.

      Арал теңізінің аборигенді фаунасы шығу тегі жағынан гетерогенді болды. Е.А. Яблонскаяның (1974) пайымдауынша, еркін жүзіп тіршілік ететін омыртқасыздардың түрлерінің 78 %-ы тұщы және ащылау континенталды суқоймаларының мекендеушілері, 17 %-ы Каспий фаунасының өкілдері, оларға көптеген моллюскалар (Dreissena polymorpha), жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің бірден-бір өкілі-бүйіржүзгіш (Pontogammarus aralensis), Polyphemidae тұқымдасынан бұтақмұртты шаянтәрізділер болса, тек 5 %-ы (моллюскалардың 2 түрі) жерорта теңіздік-атлантикалық түрлер болып табылады. Сонымен, Арал теңізінде шығу тегі тұщысулық түрлер басым болып келеді. Каспий теңізінің фаунасымен салыстырғанда Арал теңізінің еркін жүзіп тіршілік ететін омыртқасыздары өзінің түрлік құрамының кедей болуымен ерешеленеді.

      1960-1980 жылдары тұщысулық және ащылаусулық түрлердің таралу территорияларының тарылуы байқала бастады, осыған орай саны азайды, ақырында олар теңіз фаунасының құрамынан жойылды. 1970 жылдардың соңында теңізде ащылаусулық дрейссена мен гипанис толықтай жойылса, олигохеттер мен хирономидтердің басым бөлігі кездесуін тоқтатты. Көпшілік тұщысулық және ащылаусулық түрлердің 1960-1980 жылдары теңіз гидрофаунасының құрамынан жойылуы оларға қолайсыз болатын су тұздылығының артуы болып табылады. Бұл формалардың таралу аймағының тарылуына және санының кемуіне тек судың тұздылығының артуы ғана емес, сонымен қатар кірме түрлерде өз әсерін тигізді.

      1954 жылдан 1986 жылдар аралығында Аралға омыртқасыздардың 13 түрі әкеліп жіберілді (Карпевич,1975; Андреев, 1999). Жоспарлы түрде алғашқы кірмелер реликті ащыласулық понто-каспийлік мизидалар болды. Олар Дон өзенінің сағасынан ауланған 3 түр, Аралға 1958-1960 жылдары енгізілді. Бұл үш түрден тек P.(M) intermedia және P.(S) lacustris қана өсіп-өнді. Ары қарай Аралға жасанды суқоймаларынан Сырдарияның жоғарғы ағысында P.(Metamysis) ullskyi енді. Екінші жоспарлы түрде әкелініп жіберілген түр жерортатеңіздік-атлантикалық эвригалинді полихета Nereis diversicolor болды. Ол Азов теңізінен 1960-1961 жылдары әкелінді. Бұл құрт Кіші Аралды өте тез меңгеріп алды, ал 1965 жылы Үлкен Аралға енді, 1970 жылдардың ортасында теңіздің барлық аймақтарына таралды, тіпті кейбір учаскелерде микрозообентостың жалпы биомассасының 100 %-ын құрады.

      1960-1963 жылдары Арал теңізіне Азов теңізінен жерортатеңіздік-атлантикалық қосжақтаулы моллюска Abra ovata (Philippi) жіберілді. 1970 жылдары олар теңіздің барлық аймағына таралып, сутүптік фаунаның негізгі компонентін құрады. Жоспарлы түрде жіберілген Nereis diversicolor және Abra ovata Арал теңізінің ары қарай тұздануына төтеп берді.

      Таңқы шаян (краб) – R.harrisii, асшаяны сияқты теңізге1971 жылы Calanipeda aquaedulcis Kritsch планктондық шаянды жерсіндіру барысында кездейсоқ келген, 1980 жылдардың аяғына қарай Үлкен теңізде басым түрлердің біріне айналды. P. elegans асшаяндары Аралға кефаль балығын жіберу кезінде кездейсоқ енген.

      Арал теңізіне жерсіндірілген Abra ovata қосжақтаулы моллюска,


Скачать книгу