Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова


Скачать книгу
саны жағынан гетеротоптылар басым болады. Бұлар, негізінен, насекомдардың-хирономидтердің дернәсілдерінен тұрады. Алғашқы сулық жануарларының арасынан пелофилдер-Tubificidae тұқымдасының олигохеттері, Anodonta, Unio және Viviparus моллюскалары жақсы дамиды.

      Нектон балықтардан ғана тұрады, олардың жергіліктерінің маңызы зор. Бұлардың арасынан су ағынын реттегеннен соң реофилді формалар жойылады, лимнофилділер көптеп кездесетін болады. Әсіресе лимнофилді балықтар үшін суқоймаларын толтыратын бірінші жылда қолайлы жағдайлар қалыптасады, өйткені су басқан өсімдіктер қосымша уылдырық шашатын орын болып табылады. Келесі жылдары құрлық өсімдіктері су басудан өлгеннен кейін фитофилді балықтар үшін уылдырық шашу жағдайлары нашарлайды, нәтижесінде олардың саны азаяды. Балықтар санының азаюына жасанды суқоймасы пайда болғаннан кейінгі 2-3 жылда олардың қорек базасының кедейленуі де әсерін тигізеді.

      2.3. Қазақстан суқоймалары және оларды мекендеушілер

       Қазақстан теңіздері. Жоғарыда айтылғандай Қазақстанның гидрофаунасын зерттеу XX ғасырдың 20-жылдарының аяғында басталды. Бұл зерттеулер, негізінен, суқоймаларының балықшаруашылықтық мүмкіндігін бағалауға бағытталды. Зерттеу жұмыстары балықтардың қоректік базасы болып саналатын омыртқасыздардың қорын анықтау мақсатында жүргізілді. Гидрофаунаны алғашқы зерттеулер ірі суқоймаларында – Арал мен Каспий теңіздерінде, Балқаш көлінде жүзеге асырылды. Кейіннен, зерттеу жұмыстары бір арнаға түскен соң, басқа да ірілі-ұсақты суқоймаларын жан-жақты зерттеу қолға алына бастады. Қазіргі кезде суқоймалары біршама зерттелді.

      Арал теңізі – оңтүстік теңіздер жүйесінде ең шығыста орналасқан, өзендер бастау алмайтын көлтиптес үлкен суалабы, көлемі жағынан Әлемде 4-орын алатын көл. Арал теңізіне тек екі өзен, оңтүстік батысынан Әмудария (ұзындығы 2620 км), оңтүстік шығысынан Сырдария (ұзындығы 2660 км) өзендері ғана құйылады.

      Гидрологиялық және гидрохимиялық режимі. 1960 жылға дейін Арал теңізі үшін гидрологиялық және гидрохимиялық режим тұрақты болды, бұл кезде судың орташа тұздылығы 10‰-дей еді. Судың көпжылдық орташа деңгейі (абсолютті тереңдік 53,00 м) кезінде теңіздің ауданы 68 млн км2, орташа тереңдігі 16 м, максималды тереңділік 69 м, ұзындығы 424 км, ені 292 км болды. Арал теңізі бірнеше аралдармен жекелеген аудандарға бөлінді. Жалпы суалабынан үлкен Көкарал аралымен бөлінген Аралдың солтүстік бөлігі Кіші теңіз деп аталады. Барлық қалған бөлігі Үлкен теңізді құрайды. 1961 жылға дейінгі кезеңді алдамшы (квазитұрақты) кезең деп есептейді, өйткені су деңгейінің ауытқуы аса үлкен болмады және тұздылық та аса көп өзгермеді.

      1961 жылдан бастап Әмудария және Сырдария өзендерінің ағындарын байлауға (реттеуге) байланысты теңіздің орташа жылдық деңгейі төмендей бастады. XX ғасырдың 80-жылдарының соңына қарай су деңгейі 13 м төмендеді, нәтижесінде теңіз айдыны бір-бірінен ажыраған 2 бөлікке – Кіші және Үлкен теңізге бөлінді. 1989 жылдың


Скачать книгу