Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
жағажайларындағы құмдарға және теңіздің түптік қабаттарына тән болса, екіншілері тұщы суқоймаларының жағалау маңына және арна астындағы құмдарға тән. Құмның үстіңгі қабатындағы грунттық судың температурасы тәулікте және жыл маусымында біршама өзгеріп тұрады. Құмнан өткен атмосфералық жауын-шашын интерстициалды суға белгілі мөлдірлік береді, оның тұздық және газ режиміне әсер етеді. Құмның үстіңгі қабатынан бірнеше сантиметр тереңдікке күн сәулесі өтеді, ол фотосинтездеуші өсімдіктердің өсуіне жағдай жасайды. Тереңдегі интерстициалды суға жоғары термотұрақтылық, төменгі температура, жарықтың болмауы және жиі жоғары минералдану тән. Бұлардың арасынан сапасы жағынан ерекше биотоп – гипоареалды атауға болады. Бұл өзендер мен өзектердің арнасының астында жатқан құм қабаты. Бұл қабатқа су өтеді, оттек мол, су ағыны жоғары және қоректенуге қолайлы жағдайлар тән. Аралық суда мекендеушілерінің тіршілік ету жағдайына қолайлы факторлардың бірі құм құрамының түйіршікті болуы. Құм өте майда болатын жерлерде ірі организмдердің тіршілігіне жағдайлар жоқ. Құм түйіршіктерінің ірі болуына орай олардың арасында босорындар кеңейеді, жануарлардың құм түйіршіктерінің арасында мекендеуіне және қозғалуына мүмкіндік туады. Терең қабаттағы интерстициалды суда мекендеушілердің қатарына бұтақмұртты, ескекаяқты және бақалшықты шаяндар, олигохеттер, нематодалар мен инфузориялар, ал теңіз арнасының түбінде көптеген инфузориялар, нематодалар мен шаянтәрізділер, асцидиялар мен голотурийлер жатады. Интерстициалды фаунаның өкілдерінің дене мөлшері майда, саны көп, көбеюі жылдам және өмірі өте қысқа болады.
Жасанды суқоймалары. Адамның қолымен жасалған суқоймаларының ішінде жасанды суқоймаларының алатын орны үлкен. Көпшілік жағдайда жасанды суқоймалары шаруашылықтың әртүрлі салаларында (элекр энергиясын өндіру, жер суландыру, сумен жабдықтау, балық шаруашылығын дамыту және т.т.) су ресурстарын кешенді пайдалануға арналған.
Сумен толтыру және су шығынының сипатына қарай жасанды суқоймалары жылдық, маусымдық, апталық және тәуліктік реттелетін суқоймалары болып бөлінеді. Суқойманың барлық көлемі пайдалы, су жіберуге болатын және пайдасыз, су жіберу мүмкіндігі жоқ деп ажыратылады.
Морфометриясына тәуелді болуына қарай суқоймалары, арналы (алқаптық), өзендердің аңғарларының шегінде орналасқан және созылған формалы, көлдік-өзендік (қалақтық не дөңгелек) суқоймалары деп жіктеледі. Соңғысының ауданы оған құйылған өзендер мен басқа суқоймаларынан бірнеше есе артық болады. Өзінің гидрологиялық сипаттамасы бойынша жасанды суқоймалары өзендер мен көлдердің белгілеріне ие. Ені, әсіресе бөгетке жақын жерде, оны көлге жақындатса, ағысы, әсіресе жоғарғы учаскесінде, өзенге жақындатады. Жасанды суқоймаларының табиғи суқоймаларынан ерекшелігі – су шығынын реттеуге болуында. Жасанды суқоймаларында әдетте 3 табиғи аймақты не учаскені ажыратады. Гидроморфологиялық белгілері бойынша