Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32. Коллектив авторов

Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32 - Коллектив авторов


Скачать книгу
иесі бола алады, заттың сан алуан сипатта- маларының бәрі осы арқылы алынады. Сонымен қатар Аристо- тельге тән концепция – «бірінші қозғауыш», күллі нәрсе біткен қозғалысының себебі ретіндегі құдай концепциясы әл-Фараби көзқарастарынан көрініп отырады. Бұған әсер еткен тарихи жағдай мынау: орта ғасырдың алғашқы дәуірінде Аристотель жаңа платоншылдық тұрғысынан танылды, осыған орай неоплатоншылдык рухында жазылған мәтіндер мен қағидалар Аристотельдің төл шығармалары ретінде ұсынылып отырды. Рас, әл-Фарабидің өз айтуынан біздің білетініміз, ол Аристотельдің шығармашылығымен өз нұсқасында жете танысуға мүмкіндік алған, яғни ұстаз бен шәкірттің қатынасы арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауызша тарап отыратын сабақтас дәстүрге ден қойған. Әйтеуір қалай болғанмен де, аталған концепция әл- Фараби философиясында басқаша сипатта көрінеді. Әрекетшіл парасат деп аталатын бірінші қозғауыш әл-Фарабиде «ай астындағы әлемнің» ақтық себебі емес, тек сонымен біте қайнасып, ажырамастай байланысқан қозғауыш, себеп, парасат. Демек, Платон (жаңа платоншылдық) мен Аристотель философиясы әл-Фараби көзқарасының теориялық қайнар көзі болды. Бірақ бұл көзқарасты платонизм мен аристотелизмнің жай ғана ұштастырылуы деп білу жөн емес.

***

      Әл-Фарабидің дүниеге көзқарасы – социология, этика, эстетика проблемаларын бірге қамтитын іргелі жүйе. «Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деген трактатында әл-Фараби өз заманында си- рек кездесетін пікірлер айтады, тіршілік пен ой-пікірдің тарихи негіздерін қайта құру тұрғысынан алғанда аса маңызды қағидалар ұсынады; мұнда адам қоғамының тегі туралы, мемлекеттік құрылыс туралы, қоғамдық тіршіліктің түрлі формалары, адамның этикалық және басқа мінез-құлық ережелері туралы баяндалады. Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси көзқарастары нақты фактілері жағынан Ибн Халдунның еңбектерінен кем түсіп жатқанымен, теориялық дәрежесі жағынан оған бастапқы үлгі бола алады. Әсіресе оның жер бетіндегі күллі адамзат қоғамының жиынтығы ретіндегі ұлы қоғамды суреттейтін гуманистік концепциясы та- маша.

      Адам бойында туа біткен білім болмайды деуге гносеологиялық принципті дәйектілікпен қолдана отырып, әл-Фараби этикалық қасиеттер туа бітеді деген пікірді де бекерге шығарады. Бұл қасиеттер дағды мен тәрбие күші арқасында ғана осылай көрінеді. Адам парасатты күйінде тумайды, онда тек парасаттылық қабілеті ғана болады, дәл сол сияқты ол әуелден жауыз немесе бұзақы, хатшы немесе тоқымашы болып та тумайды. Жалпылама баяндауына қарамастан, әл-Фараби көрсеткен, мем- лекет қайраткеріне тән ақиқатты жарату, ізгілік, байсалды мінез, адамгершілік сипаттар қазіргі кезде де маңызы мен мағынасын жоғалтқан жоқ. Ол соғыс жағдайын сорақы нәрсе деп біледі, ша- мадан тыс аскетизмді айыптайды. Бір айта кетерлік нәрсе, Ибн Синаны әл-Фарабиден артықша дәріптеу дәстүрін берік ұстанған. Г. Лейдің өзі социология саласында негізгі қағидаларды ұсынған әл-Фараби деп санайды8.

      Әл-Фарабидің


Скачать книгу

<p>8</p>

Лей Г. Орта ғасыр материализмі тарихының очеркі. М., 1962.