Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32. Коллектив авторов

Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32 - Коллектив авторов


Скачать книгу
ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап алып, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір білім саласы жоқ деуге болады.

      Араб шапқыншылығы Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы территорияда феодалдық қатынастардың дамуына дем берді. Терең ішкі қайшылықтар, еркін қауым мүшелерінен феодалдарға тәуелді адамдарға айналған шаруалар қозғалысы және басқа да тәуелді күштер халифаттың ыдырауына себепкер болғанымен, феодалдық қатынастардың дамуын тоқтата алған жоқ. X ғасыр мәдени өрлеу заманы болды, бұл Еуропадағы Қайта өркендеу заманына ұқсас мұсылман Ренессансы деп аталды13. Осы өрлеуге себін тигізген жағдайлардың қатарында сауаттылықтың біршама кең өріс алғанын, қолжазба жинау, аудару ісінің жолға қойылғанын, жекеменшік және қоғамдық кітапханалардың құрылғанын атап өтуге болады14.

      Әл-Фараби Сыр бойындағы, Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі Фараб қаласында 870 жылы түркі семьясында туды. Кейін Фараб Отырар болып аталды. Қаланың орны қазіргі Қызылқұм облысы Шәуілдір ауданының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

      А.Н. Бернштам шекарадағы аса маңызды мекен және керуен жолдарының торабы болған Отырарға орта ғасыр авторларының көбі назар аударғанын атап көрсетеді. Географиялық көрінісі түрліше бұл өңір суармалы егіншілікпен айналысуға да қолайлы болған.

      А. Бернштамның айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта бірқыдыру шағын қалалар болған, осы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпенділер мен қала тұрғындары жиі қарым-қатынас, тығыз байланыс жасап отырған деп пікір қорыту әбден орынды15.

      Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы моңғолдар қаланы қиратты, бұл «Отырар апаты» деп аталды; онан соң 1405 жылғы ақпанда мұнда әмір Темір қайтыс болды. Отырар жайын- да біздің қолымызда Ибн Хаукальдың, Абул Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Қала жөнінде Птолемейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соңғы екінші орында болған.

      Бірақ Отырар Қазақстан территориясындағы бірден-бір мәдени орталық емес-ті. Зерттеушілердің қажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасында басқа да мәдени орталықтар (Тараз, Сығанақ, Түркістан, Мерке және басқа қалалар) болғаны көрсетілген. Сондықтан біз осы территорияны мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, қолөнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған деп қазір батыл айта аламыз. Осы жазба әдебиеттің пайда болған кезін, біздің заманымыздан 300-400 жыл немесе одан да көп бұрын16


Скачать книгу

<p>13</p>

Қараңыз: Мец А. Мұсылман Ренессансы. М., 1903.

<p>14</p>

Қараңыз: 3аходер Б.Н. Шығыс орта ғасырының тарихы. М., 1944, 81-82-беттер.

<p>15</p>

Қараңыз: А.Н. Бернштам. Ертедегі Отырар. «Қазақ КСР Ғылым академиясының Хабарлары, археология сериясы», 1951, 3-шығуы; А. Кларе. Ертедегі Отрар. «Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің протоколдары, 6-шы жыл», 1901; Н. Лыкошин. Отырардың өткен шағы жайындағы жорамалдар. «Туркестанские ведомости». 1809, № 94.

<p>16</p>

Қазақстанның оңтүстігінде өскелең кен өнеркәсібінің болғанын М.Г. Массонның «Өзбекстан территориясындағы кен ісінің тарихы жөнінде» деген еңбегінде келтірілген мәліметтер дәлелдейді. Ташкент, 1953, 17-18-б.