Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов
отбасы. Солдан оңға қарай: Набира, Әлия, Сәбит, Жанна. Екінші қатарда: Ғалия, Молдажан Ізбасаров, Мамық.
Солдан оңға қарай: Мадис, Мұрат, Уахит және Набира Шәлекеновтер
Солдан оңға қарай: У.Х. Шәлекенов, М. Шәлекенова, Манара, Бариян Тұрсыновтар
Сатқан Мұталов – У.Х. Шәлекеновтің нағашы інісі. 2014 ж.
Бағила Шәлекенқызы ұрпақтарының ортасында
У.Х. Шәлекеновтің нағашысы Мұса мен Қатима
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті тарих факультетінің профессорлары мен доценттері. 1974 ж.
ҚазМУ ректоры, академик Ө.А. Жолдасбековпен бірге
Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Қыстаубай, У. Шәлекенов ортағасырлық Баласағұн қалашығында. 1985 ж.
«АВЕСТАДА» КЕЗДЕСЕТІН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАР
Өткен басылымдардағы «Арийлер проблемасына жаңа көзқарас» деген мақалада зароастризм дінінің қасиетті кітабы «Авестаға» негізделіп арийлер этносының пайда болып, дамыған орталығы Орталық Азия болғанын дәлелдейтін деректер келтірген болатынбыз. Енді сол ойымызды жалғастырып, Авестада кездесетін Орталық Азиядағы кейбір географиялық атауларға тоқталайық.
Видеваттың бірінші бөлімінде Снитама Заратуштра пайғамбарға Ахура-Мазда тәңірі өзі жаратқан үлкенді-кішілі 16 ел туралы әңгімелейді. Олардың біріншісі: «Арианам-Байда (Арианам Вайджа) – «арийлықтар елі», «арийлықтар аймағы» деп айтылатын жер аты. Ол елде Бақбіи-Датіитә (Вахви-Дария) деген өзен болған. Бұл атаудан да алтай деп, түркі кезеңіндегі сөздердің «иісі аңқып тұрғандай» [1]. Келтірілген үзіндідегі автордың тұжырымдамасын түгел қолдаймыз. Себебі арийлер пайда болған орталықтың бірі Орталық Азияның ортасындағы Алтай өңірі дегені шындыққа келеді.
Авеста кітабында жазылған мәліметтерге қарағанда, арийлерде 16 мемлекет болған. Олардың орналасқан географиялық орталықтары елдер (мемлекеттер) деп көрсеткен. Бірінші Айрианам-Вайджа елі Датия (Дайтия) қазіргі Әмудария өзенінің алқабына орналасқан («Қайырымды, берекелі Датия») ертедегі арийлердің тарихи отаны деп есептеледі. Шамасы, тікелей мағынасы «арийлер жазығы» немесе «арийлік қарқын», өріс (ариский размах) дегенді білдіреді [1, 61-63]. Кейбір еуроцентристер Рахны Еділ (Волга) өзенінің ескі парсы тіліндегі атауы деп жазып келеді. Шындығында Рахны Сырдарияның көне төл атауы. Тек көптеген еуроцентристердің Волга өзенін Орталық Азияның оңтүстігіндегі Ранхан өзенімен шатастырып жүрулері жергілікті географияны білмегендіктен ғана емес, олар әдейі бұл аймақты Арийлердің ежелгі қонысы, олардың «нәсілі еуропалық этностар» деген қисынсыз пікірді дәлелдемек болған тарихшылардың ықпалымен жазылған болуы керек. Әйтпесе, үш қайнаса, сорпасы қосылмайтын Шығыс Еуразияның түйіскен жеріндегі ең үлкен өзен парсы тілімен қалай Ранхан деп аталады? Мұндай қияли пікірдің ғылымға қатысы жоқ. Бұл аймақтардың қысы ұзақ, қатты аяз, жел және т.б. табиғаттың өте қатал, жазы қысқа болып келетіні айтылған. Еділ өзенінен шығысқа қарай Сібір, Алтай өңірлеріне дейінгі кең байтақ жердің табиғаты Авестадағы жазбаларға тура келеді. Қазірдің