Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов
көрші жатып, талай рет Әмудария мен Сырдария өңірлерін отарлау үшін жойқын соғыстар ашқанына тарих куәгер. Мысалы, Кир мен Дарий жорықтары. Сөйтіп, Ахура-Мазда жаратқан бірінші мемлекет Еділ өзенінің алқаптарынан Әмудария мен Сырдария алқаптарындағы Тұран ойпатын түгелімен қамтыған. Кейін бұл аймақ қасиетті Түркістан жері болып тарихқа кірген. Сондықтан да, Авестада Тұран елін бірінші орынға қоюын кездейсоқ деп атауға болмайды. Бұл тұста Әмудария мен Сырдария жер жаннаты аталып, алғашқы адамдардың өрбіген аймақтарының бірі болған. Міне, осындай шындық негізінде, Түркістан бірінші сатыға көтерілген. Арийлер байырғы Алтайдан тараған сақ, иран, тұран, үнді, үнді-еуропа халықтарының аталық тегі болған, ең ескі этностық атау деген тұжырымды қазіргі кездегі тарихшылардың көпшілігі қолдайды [9, 342-б.]. Бұл тұжырымға біз де қосыламыз. Бірақ арийлердің арасына индоеуропалық этностарды араластыруды орынсыз деп қараймыз. Олардың ежелгі мекендері – Алдыңғы Азия мен Еуропа құрлығы. Сондықтан, Тұран өлкесін ежелден мекендеген түркі тілдес этностар: арийлер, оның құрамында – дақтар, тұрандар, набиандар, панксандар, сирақтар, аорстар, скифтер, сақтар, хорезмдіктер, массагеттер және бізге әлі белгісіз тайпалар болған. Автохтонды этностардың жалпы атаулары Ария өзенінің атымен аталған [Страбонды қараңыз. 17, 241-242 б.].
Авеста кітабында Тұран сөзі бірнеше жерде кездеседі:
Сарбаздарын Тұранның,
Жүз соққанда – бір мыңын,
Мыңда – қисусанын,
Қисусанда – шексізін Жеңуіме қуат бер.
Оған берді соншалық… [1, 369].
Тұран сарбаздарының күштілігін, қайраттылығын суреттейді. Олардың күштілігі сондай, жүз сілтегенде мыңдаған, қисапсыз (қисусани) жауларын қирата алатын күшке ие екен және оларға жаратушы осынша күш-қуат бергенін баяндайды.
… Жеңуге үш тұрандық – дануды -
Шешендер Қара менен Бараны,
Туылған Асабанада,
Шапшаң Дұраәқайтуды-
Жақсылық үшін шайқаста.
Оларға берді соншалық… [2]
Осы келтірілген үзіндінің мәнін Авестаны қазақшалаған аудармашылар былайша түсіндірген: «Қара (Қара) мен Бара (Вара) – Асабана руынан шыққан тұран батыры. Асабана – Қара мен Бара сияқты батырлар шыққан тұрандық тайпаның аты. Дұраәқайту (Дураэкайту) – тұрандық Траты мен екі Ашабазда атты ирандық батырлардың жауы, өзге дінге сенушілер» [2, 356]. Біздің бұл жолдарға қосып-аларымыз жоқ.
Авестада арийлер мен тұрандықтардың арасындағы шиеленістер кезінде Ашидің жасырынған жерінен тауып берген жастар туралы әңгімелейді. Бұл жерде малдың қасиеті оның санында емес, тұқымының асылдығында екендігін түсінбегендігі былайша айтылады:
Тұрандықтар Нотаридтармен,
Желғабыз мінген аттары,
Мойынының астына
Тығылдым мен қошқардың,
Қашыратын жүз қойды;
Сонда мені ашып алған
Катиаған бойы бозбалалар
Һәм