Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов

Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов


Скачать книгу
қыш ыдыстар, темір құралдар, тандырлар, мыс теңгелер, есеп тастары, адамның қаңқасы және т.б. көптеген дүниелер табылды. Ондағы ашылған бөлмелердің ішінен жанған бөренелердің күлі, т.б. осындай ертеде қирағанын дәлелдейтін заттар көптеп кездеседі. Соған қарағанда, қала жалпы өртке ұшыраған. Үй дуалдарына қадалып қалған садақ оғының ұшы жиі кездеседі. Бұлардың бәрі, қала жаугершіліктен өртеніп, жермен-жексен етіп, қайта қалпына келтіре алмастай етіп кеткен деген пікірге еріксіз әкеледі. Шахристанда зерттеулердің кезегін күтіп жатқан қоныстардың орны өте көп. Олар жоспарлы түрде қазылып келе жатыр.

      Университет археологтары рабадта да қазба жұмысын жүргізіп, Төрткөлтөбені және бір тұрғын үйдің орнын зерттеді. Төрткөлтөбе цитадельдің шығысында 600 м қашықтықта, Ақсу өзенінің оң жағында, Қожайдоғаның бойында орналасқан биік төрт бұрышты төбе. Төрткөлтөбе бірнеше жыл қазылуда. Айналасы 4 м ендікте саз балшықтан соғылған қорған қабырғасы бар. Оның ішінен оннан астам бөлме ашылды. Бөлмелердің көпшілігі шығыстан батысқа қарай ұзын етіп салынған, олар бір-бірімен қатарласып, жалғасып жатыр. Бұл бөлмелер өзара ішінен бір-бірімен есіктері арқылы байланысқан. Сыртқы бекінісі қабырғаның шығыс жағынан салынған үлкен қақпа (дарбаза) бар. Бөлмелердің алдында алаң бар, аршылған бөлмелердің ішінде құмыра, ыдыс қоятын қуыстар, диірменнің орындары жиі кездеседі. Терезелері жоқ, жарық төбеден түскен. Төрткөлтөбеден әртүрлі көлемдегі диірменнің тастары, олардың тұрған орындары, тандырлар, ошақтың орындары ашылды. Соған қарағанда цитадель тұрғындарына нан және басқа тамақтарды дайындайтын орын болса керек деген ой келеді. Жүргізілген қазба жұмысы кезінде өрттен болған соғыстың іздері көрінді. Бөлмелердің ішінен ағаштың күлі, көмір, оның қабырғаларына, қақпаның сыртқы- ішкі жақтарына шаншылып қалған садақтың оқтары табылды. Соған қарағанда, Төрткөлтөбе де қырғын соғыстан қирағанға ұқсайды. Зерттеу кезінде табылған көптеген заттарға қарағанда, Төрткөлтөбе VІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген үлкен бекініс орны, сарай, қала тұрғындарының экономикалық орталығы болған сияқты.

      Ақтөбе шаһары Ақсу өзенің төменгі ағысында өзеннің екі жағын алып жатыр. Ақсудың сол жағы оң жағына қарағанда әжептәуір аласа. Сондықтан өзеннің сол жағынан Ақсудың суы қаланың оң жағына көтерілмейді. Сол жақтағы қала халқы өте тығыз орналасқан және цитадель мен шахристан да осы бетте. Бұл беттегі суару жүйелері, тұрғындардың баспаналары қамалдың ішінде де, сыртында жақсы сақталған. Ал өзенінің оң беткейіндегі қала тұрғывдарыньщ қоныстары біздің заманымызда техниканың күшімен бұзылып, бұрынғы Калинин атындағы колхоздың егістік жеріне айналып кеткен. Егістікке айналған жерлерге зер салып қарасақ, оның беті тегіс емес, ойлы-қырлы. Ертедегі қоныстардың іздерін байқауға болады. Айдалған жерлерге колхозшылар қызылша мен бау-бақша, дәнді өсімдіктерді егіп, оларға су жібергенде, кейбір жерлерде жер астына су кетіп жатады. Соған қарағанда, өзеннің оң жағалауында да су құбырларының


Скачать книгу