Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов
досым келді. Екеуміз бір блокта жаттық. Аспиранттарға теориялық семинар жүрді. Оны философия ғылымдарының докторы, атақты ғалым, профессор Момджан Феликс Ншанович жүргізді. Біз Рафхат екеуміз берілген тақырыптар бойынша мұқият дайындалып, сөйлеп жүрдік. Жауаптарымызға профессор разы болып: «Қайда және қандай факультет бітіргенсіздер?» деп сұрады. Біздің жауабымызды естіп, таңғалды. Ол Алматыда философия факультетінің бар екенінен хабарсыз болып шықты. Кандидаттық емтихан тапсыра бастадық. Ондағы жауаптарымызды жұрттың көзінше ерекше атап өтетін болды. Не керек, Қазақстаннан келген аспиранттардың білімділігін мойындады. Бізде осындай терең білім берген ұстаздарымызды мақтанышпен айтып жүрдік.
СТУДЕНТ КЕЗІМІЗДЕГІ ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ ТУРАЛЫ СӨЗ БОЛҒАНДА, ЕҢ АЛДЫМЕН ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ, ДОЦЕНТТЕР
Николай Петрович Дардыкин мен Михаил Никифорович Чечин еске түседі. Н. П. Дардыкин философия кафедрасының меңгерушісі, әрі факультеттің деканы болды. Философиядан жүйелі курсты сол кісі бастап оқыды. Өте білімді, керемет шебер лектор еді. Лекцияны жайлап оқитын, жазып үлгеретінбіз. Бірақ та, оны тек оқып шығу емес. Әрбір сөзінің мазмұндық салмағы ерекше бай болатын. Егер де біздің толық түсінбей жатқандығымызды байқаса жан-жақты түсіндіруге көшетін. Н. П. Дардыкинның «Неміс классикалық философиясы» туралы арнаулы курсы біздің философ болып қалыптасуымызда шешуші рөл атқарды» десем қателеспеймін. Неміс философиясына тісіміз батпай жүретін. Н. П. Дардыкинның арнаулы курсынан кейін Кант, Гегель еңбектерін түсініп оқитын дәрежеге жеттік.
М. Н. Чечин аса дарынды ұстаз еді, ол логикадан бастады. Біз мектепте оқыған жылдары логиканы оқу жоспарына енгізген еді. Одан бізге сабақты қазақ әдебиеті мен қазақ тілінен беретін Биімбет Досмұрзаев ағай өткізді. Шынын айтсақ, бұл пәннен жарытып ешнәрсе түсінген емеспіз. Міне, енді доцент Чечин лекция оқығанда бізде қызығушылық пайда болды. Соның нәтижесінде мен 1954 жылы университетті бітіріп, Қызылордаға жұмысқа барғанымда пединститут студенттеріне осы пәннен лекция оқыдым.
Н. П. Чечиннің философиядағы теориялық тереңдіктің, білімділіктің не екенін бізге аңғартқан «Ежелгі гректер философиясының тарихы» деген арнаулы курсы болды. Оған сабақ кестесі бойынша берілген сағат аз болатын. Бізге арнайы курстың алғашқы лекцияларын оқығаннан кейін: «Сіздердің ертедегі грек философиясын шын мәнісінде білгілеріңіз келе ме? Егер де білгілеріңіз келсе, бұған берілген сағаттар жеткіліксіз. Сіздер келіссеңіздер сабақ кестесінен тыс әр демалыс күні мен алты сағаттан лекция оқуға дайынмын. Оның барлығы тек менің сіздерге деген көмегім болмақ», – дегенде, бәріміз қойдай жамырап, келісім бердік. Сонымен, әр демалыс күні алты сағаттан лекция тыңдаймыз. Бірде-бір студент бұл лекцияларды жіберген жоқ. Есімде қалғаны аудиторияда тыныштықтың орнайтындығы соншалық – әрбір студенттің пышылдап дем алып отырғаны ғана естілетін.
Бізге