Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов


Скачать книгу
– жұмыс, nómos – заң) – заманауи өндіріс орындарының нақты жағдайларындағы адамды (адамдар тобын) кешенді зерттеумен айналысатын ғылыми пән.

      Функциономика – эргатикалық жүйелердегі адам-оператордың іс-әрекетінің алгоритмдерін зерттейтін эргономика бөлімі.

      Ол:

      – эргономикалық көрсеткіштерді анықтау үшін сынақ стендтерін және қондырғыларды модельдеуші тренажерларды дайындау;

      – ақпаратты қабылдау жағдайы және осы түрдегі қызмет үшін бейімделу қабілеті мен шаршағыштығын зерттеу;

      – басқару аясында адам-оператордың жұмыс істеу әдістемелерін дайындау;

      – адам-оператордың психо-физиологиялық жағдайларын бақылау әдістерін дайындау.

      Юзабилити (ағыл. сөзінен usability – пайдалылық) – қандай да бір заттың пайдаланылуында оның пайдалылық деңгейі. Сондай-ақ юзабилити деп пайдаланушы интерфейстерін, соның ішінде Web-интерфейстерін дайындаушыларының арасында белгілі бір ілімді айтады.

      Юзабилити мағынасы бойынша – бұл ПҚ-ны дайындауға арналған эргономика бөлімі. Кейбір зерттеушілер эргономика физиологиялық қолайлылыққа тірек болатындықтан, ал юзабилити эргономикаға қарағанда психологиялық аспектілерді жоғары деңгейде қарастыратындықтан юзабилити мен эргономиканы бөлек ұғым деп санайды.

      Қазіргі кезде «юзабилити» термині тұрмыстық электроника немесе байланыс құралы сияқты өнімдердің контекстінде «эргономика» сөзіне синоним ретінде жиі пайдаланылып жүр. Сонымен қатар ол кейде есік тұтқасы немесе балға сияқты механикалық объектілердің тиімділігіне қатысты да бейресми пайдаланылады.

      4.4. Пайдаланушы интерфейсі

      Программалық кешенді дайындаушылар көбінесе пайдаланушы интерфейсін жүйе қосымша ретінде функционалдығынан бөлек қарастырады. Программаны пайдаланушылар әдетте пайдаланушы интерфейсі мен жүйе функционалдығын бөлмейді. Пайдаланушылар үшін пайдаланушы интерфейс программа болып табылады. Егер интерфейсі жақсы болса, онда олар үшін программа жақсы және қолайлы болады.

      Программаны пайдаланушы оның жұмысын басқаруға және қажетті нәтиже алуға мүмкіндік беретін программаның элементтер жиынтығын пайдаланушы интерфейсі (ПИ) ретінде түсінеміз.

      Пайдаланушы интерфейсі көбінесе программаның сыртқы түрі ретінде түсініледі. Дегенмен пайдаланушы интерфейсі арқы-лы ғана жүйені тұтасымен түсінетіндіктен мұндай түсінік өте таяз болып саналады. Шындығында, ПИ пайдаланушының өзара әрекеттесуі мен жүйеге әсер ететін барлық дизайнның аспектілерін қамтиды. Бұл пайдаланушы көретін тек экран ғана емес. Пайдаланушы интерфейсі төменде келтірілген құраушылар жиынынан тұрады:

      – жүйенің көмегімен пайдаланушылар шешетін тапсырмалар жиынтығы;

      – жүйе пайдаланатын метафора (мысалы, MS Windows ОЖ-дағы жұмыс үстелі және т.б.);

      – жүйені басқару элементтері;

      – жүйе блоктары арасындағы навигация;

      – программа экрандарының визуалды дизайны.

      Пайдаланушы интерфейсінің дұрыс жобалануының маңыздылығы ақпараттық


Скачать книгу