Сөнбес сезім. Бакыт Мадимова

Сөнбес сезім - Бакыт Мадимова


Скачать книгу
деп, Медет көршісі мұртын сыйпады. Бұл кісі алпыстың алтауына келсе де әлі күш-қуаты бойында, аса жігерлі адам. Орта бойлы, денесі мығым, дембелше келген. Жүзі қара-торы, әдемі мұрт қойған. Көз қарасынан мейірімді, жұмсақ мінезді, салмақты адамды байқауға болады. Ол кісінің жұбайы Жамал бойын тік ұстайтын, жұқалаң, жүріс-тұрысы пысықтау келген әйел. Алпысқа таяп қалса да, «жасым да келіп қалыпты-ау» деген ойдан аулақ. Медет ақсақал біраз ойланып:

      – Бізден қандай көмек керек, соны да қысылмай айта отыр, қолымыздан келгенін аянып қалмаспыз. Көрші парызы деген бар, замандас.

      – Ия, көрші-көлең деген жақсы ғой, оны кейінірек айта жатармын, – деп, Нүрилә апай қолына тізім жазған қағазын алды да, – Туған-туыстарымды тізіп оқымай-ақ қояйын. Көрші-көлең, жолдас-жораларымның аты-жөндерін оқып шығайын. Көршілердің ешқайсысы тыс қалып қалмасын.

      Сонымен, апайымыз шақырылған қонақтардың тізімін оқи бастады.

      – Тәте, жоғарыда тұратын Күлән мен Ғазизды жазбапсыз ғой, – деді бір кезде мұқият тыңдап отырған Жамал апай.

      – Айналайын, айтқаның жақсы болды, кейде ұмытып қалатыным бар менің, жазып қояйын. Ал енді жолдас-жораларымның тізімін оқиын. Сендер бәрін біле бермейсіңдер, баяғыда қызметтес болған жақсы жолдастарым бар, оларды міндетті түрде шақыруым керек. Мен де олардың талай тойларында болдым, – деп, апай қолындағы тізімді әрі қарай оқи бастады:

      – Қазипа, Гүлжан, Бану, Күлтай, Жадыра…

      Нүрилә апай «Күлтәй» деген есімді оқығанда Медет ақсақалдың жүрегі дір ете қалды. «Апырай ә, бұл қай Күлтәй болды екен?» деп біраз ойланып қалды. Апайдың әрі қарай кімдердің есімдерін атап жатқанын да естіген жоқ. Біраздан кейін:

      – Жаңа тізіміңде «Күлтәй деп оқыдың, әкесінің аты кім екен? Баяғыда, бір көршіміздің «Күлтәй» деген қызы бопушы еді, сол емес пе екен? – деп, Медет ақсақалдың дауысы әзер шықты.

      – Ә, Күлтәйді айтасың ба? Ол екеуміз кеңес дәуірінің кезінде бірге бір мекемеде қызмет істеп едік, содан бері жақсы араласамыз. Өзі сондай мейірімді жан. Әкесінің есімі Әділжан деген ақсақал болады.

      – Ә, Әділжан де, ол кісілер әлі бар ма екен? – деп Медет ақсақал бір қызарып, бір бозарды.

      – Күлтәйдің әкесі бұрынырақ қайтыс болды, кейіннен анасы да о дүниеге аттанды, имандары жолдас болсын марқұмдарымның. Сондай тамаша адамдар еді, – деп, Нүрилә апай бетін сипады. Жаңағы Медет ақсақалдың сөзіне аса мән бермей тізімін әрі қарай оқи берді.

      – Иманды болсын жарықтықтарым. Ауылда бір көшеде тұрып едік, – деп ақсақал да күбірлеп бетін сипады.

      Той мәселесін талқылап болған соң Медет пен Жамал үйлеріне кетті.

      – Отағасы, жаңа Нүрилә тәте «Күлтәй» деп оқығанда елең ете түстің ғой. Түріңе қарасам бір бозарып, бір қызарып отыр екенсің. Бірақ үндемедім. Өзің бала кезіңде осыған ғашық болған жоқсың ба? – деп, Жамал апай қалжыңдап күлді.

      – Қойшы әрі, сен де неше түрліні айтады екенсің! Одан дағы тезірек үйге барайық, үйде істейтін шаруа көп – деп Медет ақсақал аяқтарын ширағырақ басып өз ауласына кіріп кетті.

      Сонымен,


Скачать книгу