Сөнбес сезім. Бакыт Мадимова

Сөнбес сезім - Бакыт Мадимова


Скачать книгу
отырмадың ғой?! Анау Күлтәй деген әйелден көзіңді алмадың, – деп сөйлеп, Жамал апай да бір елі жанынан қалмай келе жатыр.

      – Қойшы, не болса соны айтпай. Бәріне қарап отырдым ғой. Қан қысымым көтеріліп кетті ме, әйтеуір басымның ауырғаны басылмады. Одан дағы көп сөйлемей, үйге жүріп қан қысымымды өлше, – деп, Медет ақсақал өз жайын әйелінен жасырғандай болды.

      – Басың ауырса барып дәріңді ішпедің бе, – деп Жамал апай да қояр емес.

      Сонымен қойшы, тойдан кейін біраз уақыт өтті. Бір күндері Медет ақсақал бір нәрсені сылтауратып Нүрилә көршісінің үйіне барды. Нүрилә апай қоюлап шығарып, дәмдеп шай ішіп отыр екен.

      – Аманбысың көрші, хал-жағдайың қалай? Тойдан кейін демалдың ба? – деп ақсақал көршісіне сұрақтарын жаудыртты.

      – Рахмет, аманбыз, құдайға тәубә. Кел, менімен бірге шай іш. Өзім жалғыз шай іше ала алмай отыр едім, келгенің жақсы болды, – деп Нүрилә апай да бәйек болды. – Жамал қайда? – деп сөз арасында сұрап қояды.

      – Жамал әлгі кішкентайды суға түсіріп жатыр. Ұл мен келін жұмыстарында. Менің саған айтар кішкене ғана бұйымтайым бар еді. Қалай айтарымды да, неден бастрымды да білмей отырмын.

      Ана Жамал замандасыңа айтып қойма, ол түсінбей жүрер, – деп ақсақал ескерту жасады.

      – Ол не бұйымтай еді? Сұрайын деп отырғаның адамның басы, аттың құны емес шығар? – деп, Нүрилә апай көршісіне қарап күлді.

      – Мен айтайын, бірақ сен күлкіге айналдырма, – деп өтінді ақсақал – анау күні Күлтәй деген қызметтес құрбың келіп еді. Алдында оның әкесінің атын сұрап едім ғой өзіңнен, есіңде ме?

      – Ия, ия есімде. Ол Күлтәйға не болыпты? – деп апай жұлып алғандай көршісіне қарады.

      – Жо-жоқ, ештеме болған жоқ. Сол Күлтәй ма, жоқ басқа Күлтәй ма деп алдында сонша мән бермеп едім, анау күні көргенде өзін әзер таныдым. Бала кезімізде ауылда көрші, көрші болғанда да бір көшеде тұрып едік. Содан бері елу жылдан астам уақыт өтіпті. Ол, әрине мені таныған жоқ, тіптен шырамытқан да жоқ.

      – Әрине, «елу жылда ел жаңа» деген сөз бар емес пе. Ол кезде бала болдыңдар, енді міне өстіңдер, өндіңдер, ұлғайдыңдар, біреуің кемпір, екіншің шал болдыңдар. Қайдан танысын ол, замандас-ау?! – деп апай көршісіне қарап қулана жымиды. Апайдың көздерінде бір от жалт-жұлт етіп сұрақ тұрды, – өзің сол кезде Күлтәйға ғашық болғаннан саумысың? – деп апай күліп жіберді.

      – Күлме дедім ғой, күлетін болсаң айтпаймын. Оданда шайыңнан тағы құйып жібер, дәмді екен, – деп ақсақал қысыла сөйледі.

      – Күлмеймін ғой, күлдіріп отырған өзіңсің. Алдымда бозбалаша қызарақтап отырсың, күлмей қайтейін енді, – деп, Нүрилә апай күлкісін тия алмады. Медет ақсақал өкпелеген сыңай білдіріп, томсырайып қалды.

      – Жә-жә, күлмеймін, айта бер, – деп апай күлкісін тыйды.

      – Күлкілеріңіз анау жақтан естіледі ғой, қандай қызықтар айтып отырсыздар, мен де күлейін?! – деп Гүлжән көрші кіріп келді.

      – А, сенбісің, жоғарлат, шайға кел. Мына замандасым күлдіргі әңгіме айтып күлдіріп отыр.

      – Ол не әңгіме, мен де күлейін, – деп, әр нәрсеге әуестік танытатын Гүлжан көршісі дастарханға жайғасты. Бұл кісі естіп қалғанын аяғына дейін естіп құмарын қандырмаса түн ұйқысынан айырылады.

      – Е, немерелердің


Скачать книгу