Табысқа жетелейтін кілт (Ключ зажигание успеха). Нариман Абылайулы Абылай
м қажет емес (Для успеха не требуется диплом)
Нариман Абылайұлы.
Кіріспе
Елордадан қалай пәтер алуға болады?
Кредиттерден қалай құтылған дұрыс?
Сіз емес, сізге қарыз болу үшін не істеу керек?
Табысты адамдардың құпиясы қандай?
Интеллектуалды, рухани, қаржылық, физикалық дамудың табысқа қандай қатысы бар?
Кітаптың аты да өте маңызды. Мысалы Роберт саки дұрыс айтады, бірде оған типографиның редакторы «Экономика» деп атаңыз деп еді, оны сізден басқа ешкім сатып алмайды деген екен. Ал «Бай әке, кедей әке» деген атаумен миллиондаған оқырман сатып алды. «Үлкен адамға жеткізер жол» (Путь к большому человеку) деп қояйын дегем алайда, кейінен Наполеон Хиллдің кітабын оқып отырып жақсы сөйлем тізбектерін көріп, кітабымды осылай атадым «Табысқа жетелейтін кілт» (Ключ зажигание успеха».
Бұл кітапқа өмірімнің әртүрлі жасына сай келген ойларымды төккен болатынмын. Конференция қатысқандағы мәліметтерде кездеседі. Бұл кітапта барлық тақырыптар қозғалуда, себебі бұл кітап сіздің қаржылық сауаттылықты ашып, баюдың жолын көрсетер ережелер емес, жалпы ойларды өзіңіз саралап, рухани және материалдық деңгейіңізді тепе-теңдікте ұстау болып табылады. Ең әуелі университетте оқып жүргенімдегі философия конференциясына қатысқан кездегі мақаламмен бөлісе отырып, жалпы өмірдің әр саласындағы философиясына тоқталып өте отырып, бір пайдасы тиер деген ниетпен. Мақала жазу бір, ал оларды біріктіріп кітапқа айналдыру үлкен шеберлікті талап етеді. Менде ондай шеберлік жоқ, сондықтан оқи отырып осыны ескеріңіз. Қандай бизнес кітапты алсаңыз да, түсініктері ортақ және менің ойымша 5 000 жыл бұрын жазылған «Вавилондағы ең бай адам» атты кітаптан бастама алады. Негізінен Құран кәрімде де ақшаны ысырыап жұмсамау және адамдардың барлығы неге бай болмайтыны туралы деректер жетерлік. Әлемнің үздік бизнес пен адамның дамуы туралы кітаптардан еш пайда болмас, егерде сіз ұсынылған бизнес-әдебиеттердегі ережелерді ұстанбасаңыз. Барлығы да кітаптардың жазылған үлгісі ұқсастау келетіндері және оларды біріктіретін олардың жазылу тәртібі. Бизес кітаптардың барлығында филосфиялық ойлар мен өмірлерінің өткен-кеткен оқиғаларын айтып бөліседі, себебі бұл олардың тәжірибесі әрі әркміге өз философияңды түсіндіріп жеткізі мүмкін емес. Ал кітапқа жазған өз көзқарастары мен білімдері оқыған оқырманға қол жетімді болар. Өз басым оқыған кітаптардың бірнешеуін сізге оқуға кенес беремін. Оны кітапты оқу барысында тансып аларсыздар. Кез-келген бизнес кітап сізді бәр күнде немесе бір жылдың ішінде байытпайды және табысқа жетудің құпиясы шын мәнісінде құпия емес. Бұл кітаптар сіздерді алға жетелеуге ұмтылыс беріп, барлығы да адамның ойлау қабілетіне байланысты екенін түсіндіреді. Бай болудың негізгі шарты немесе құпиясы оның ережелерін орындауда жатыр. Ақшаның заңын орындамайтын адам ешқашанда байымас (Человек который не следует к законам денег никогда не станет богатым). Бірде бір әйелдің тұрмысы төмен болып, кейін бизнес арқылы 15 мың АШ долларындай көлмеде табысқа жетті, алайда 10 мың долларына анасына алқа алыпты?! Сіздердің көзқарастарыңыз қандай? Сіздерде осылай істер ме едіңіз? Негізігі кедей отбасынан шыққандар көбіне осылай істейтіні анық, алқа алмасада басқа да қымбат бғағалы заттар алатыны анық. Тіпті лотерея ұтса да әуелі бағалы зат сатып алатыны белгілі. Бағалы зат байлықтың көрінісі деп түсінетін жандар өз қателіктерін түсінбейді. Бұл туралы Вавилондағы ең бай адам атты кітабында келтірілген. Қолына жиған терген ақшасына есек алғаны, қазіргі уақыттағы адамдардың бағалы мал-мүлік алып жүргендері. Негізінен дұрысы бизнеске салу. Қымбат заттар байлықтың да, табысты адамның (успешный) белгісі емес.
Мен 2014 жылы университетті бітірген соң жұмыс істедім, айлығым 30 мың теңге болатын әрі магистратураға түскен болатынмын. Солай жұмыс істеп жүріп ойландым 30 мың теңгеге мамандық бойынша істегенше күзетші болғаным артық деп жұмыс іздеп кетіп, алайда мұғалімдік жұмысқа кіріп кеттім. Оны бұрығны үстазыма бір танысым мұғалімдік жұмысқа адам іздеп жүргенін айтып, кейін маған айтқан болатын. Алайда таныс арқылы кірген адамдардың тізімінде болғым келмеді, бір апта ойланып барып кірдім. Айлығым 52 мың теңге болды. 4500 теңгесіне жолақы билетін алып қалғанын оқуыма төлейтін едім. Солай жүріп бір жыл жқмыс істеп басқа жерге мұғалім болып орналасып, кейін бұрын істеген бухгалтерлік компанияға қайтып келіп 40 мың теңгеге жұмыс істеп, 2016 жылы қыркүйекте дамханаға кірдім. Өздерініз көріп отырғандай айлығы 50—60 мыңның төңіріегінде болса, үш жылдың ішінде ақша жинап қалай пәтер алды? Банктен ипотека да ақшалай да қарыз алмаған? Туыстары да ата-анасы да қаражатпен көмектеспеген болса? Оның сырын осы кітапты оқи отырып түсінесіздер. Кез-келген бизнес кітапта бизнесітң қалай істелетінін жазбайды, ал бизнес жоспарын тек бизнес жоспарды жарияланған кітаптардан оқи аласыздар. Себебі бай болудың нақты жоспары жоқ, себебі әр адамға Алла Тағала өз несібесін еңбегі мен ниетіне қарай береді және бай болу үшін бизнес жоспар емес, әуелі ойлау қабілет пен оның ұстанымдарын орындаудан ғана басталады. Бір Алла өзі осындай ойлау қабілет беріп және кітаптарды оқи отырып өзімнің ойлап жүрген ұстанымдардың кітапта жарияланғанда