Табысқа жетелейтін кілт (Ключ зажигание успеха). Нариман Абылайулы Абылай

Табысқа жетелейтін кілт (Ключ зажигание успеха) - Нариман Абылайулы Абылай


Скачать книгу
да ғылымның салаларына деген көзқарасыңызды білдіріп айтар кезде ойланыңыз, және олардың біз үшін өмірде маңызы бар ма жоқ па?!

      Естеріңізде болса алдыңғы философия пәнінен жазған мақаламның қысқаша негізгі түсініктерін айтып өтсем деймін. Бұл дүниенің пайда болуын үш негізде түсіндіреді, яғни пайда болу себептері ретінде аңыз, философия және дінді негізге ала отырады. Философия дегеніміз бұл білімге құштарлық, махаббат, яғни бірнәрсені жаттап айтып беру емес, түсіне білу, дұрыс қабылдау болып табылады. Мысалы ретінде Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындалатын оқушыларды алсақ, олардың тестілеу алдында дайындалып жинаған 125 ұпай болса немесе төмен болса да, бұл оқушылардың білімінің деңгейін анықтап көрсете алмайды, себебі жаттап дайындалғанында. Тек оқушылар ғана студенттердің жинаған жалпы ұпайлары олардың білімін көрсетпейді. Нағыз білім деп адамның кез – келген уақытта сол сұраққа жауап бере алу қабілеті. Ал бірнәрсені білу, я болмаса бір жұмбақтың сырын ашу, іздену бұл білімге деген құштарлық, яғни философия. Ал философия кәсіпорын немесе жалпы атау ретінде ұйым секілді алдына мақсат қойып, соған жетуге тырысады, және ол кез-келген ұйым сияқты ішкі және сыртқы факторларды қарастырып, ескереді. Бұл дегеніміз философия нақты деректерге немесе ғылымға және ғылыми пәндерге ғана сүйенбейді, оған қоса дін мен аңызды фактор ретінде қарастырады.

      Менің түсінігім бойынша 60—70 жылдарда пайда болған ғылымдар көбінесе алдыңғы дамыған не даму үстіндегі ғылымдардан бөлініп шыққан. Мысалы биологиядан экология, философиядан әлеуметтану, ал мәдениеттің бөлінуі философиядан немесе әдебиет пен тарих болу мүмкін. Алайда бүгінде бір-бірімен туысқандық қатынастары жойылған жоқ, мысалы ретінде жоғарға оқу орнында алсақ, кафедраларынан көруге болады. Атап айтқанда философия кафедрасында тарих пен философия, әлеуметтану болса, әлем тілдер кафедрасында мәдениет пен әдебиет және басқа да тілдер өзара байланысқан. Негізінен айтпақ ойым бір ғылымның бөлінуе дұрыс емес, мысалы бір елді бірнеше бөлікке, яғни автономиялық облыстарға бөлгенмен бірдей. Қанша бөлікке бөлсең де, оларды байланыстыратын ортақ нәрсе болады. Экологиядағы терминдер биологияда да қарастырылады, пайдаланылады тағы да басқа ғылыми пәндер өзара байланысады.

      Осы философиядағы гуманизм бағыты өз алдына екі ғылымның ажырамас бөліктеріне айналған, яғни әдебиет те, мәдениет те қарастырылады. Әлде мен қателесіп тұрмын ба?!Осы гуманиз, яғни адамның қасиеттеріне тоқталсам деймін. Адам дүниеге келгеннен кейін осы өмірде өз орнын тапқысы келеді, алайда адамзат баласы қанағат сөзін өмірі естімегендей, естісе де түп мағынасын білмейтіндей болады. Осы дүниенің немесе тіршіліктің иесі деп санайды, ал осы дүниеде тіршілік етіп жатқан тірі ағзаларды ығыстырады. Сонда біздің философиямыз қандай, мәдениетіміз, ал экология мен биологияны неге оқып оны зерттеп жатырмыз?!Мысалы құрбақаны алсақ, ол жануардан қандай пайда?!Пайдасы жоқ бір жануар дейміз,


Скачать книгу