Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары. Кеңес Оразбекұлы

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
да есектің құлағын сипап шығады.

      – Дәл осы!

      Үшеуі кемпірдің қабын есектің арқасына артып, оны кемпір берген арқанмен орап байлайды.

      – Ал, шешей, енді сүрінбей, жығылмай, жолда абай болып, үйіңізге аман-есен жетіңіз.

      – Әй, арыстарым-ай, алла разы болсын! Сендер болмасаңдар қайтер едім, тілеуіңді бергірлер. Екі дүниенің қызығын көріңдер! Жолдарыңа нұр жаусын!

      – Арзымайды, шешей.

      Олар кемпірді қараңғылыққа сүңгіп кеткенше шығарып салып, өздері де есектерін жетектеп, жөндеріне кетеді.

      Үйлеріне жеткен соң, есекті қора алдына байлап, алдына шөп салды да, өздері қапты алып, үйлеріне тартты. Шаршап келген үшеуі қаптарды үйдің кіре беріс дәлізіне қалдырды да, үшеуі төсектеріне сұлай-сұлай түсіп, ұйқыға кетті.

      Таңертең ерте тұрған Шибұт екі серігін жұлқылап оятты.

      – О, тоба, ұйқы берші!

      – Астыңнан су шықты ма, не болды?!

      – Су шықса мейлі ғой, – деді Шибұт. – Одан бетер болған жайы бар! Тырқидық жігіттер! Мұнда келіп қараңдаршы!

      Шибұттың суық сөзінен кейін, екеуі де үрейленіп атып тұрып, Шибұтпен ілесе ауызғы үйге жүгірді. Шибұт көрсеткен аузы ашық қаптарға қараса, екеуінде де сықап толтырылған тезек!

      – Ет қайда?!.

      – Міне, көріп тұрсыңдар ғой!

      – Сонда біз етті?..

      – Иә, тезекке алмастырып, кемпірге беріп жіберіппіз.

      – Ойбай-ау, ол кемпірдің есегінің оң құлағы кесік болып еді ғой?!. – деді Қылкеңірдек.

      – Ал біздікі ше?!.

      Үшеуі көздері бозарып тұрды-тұрды да, далаға атып шықты. Түндегі байлап кеткен есектеріне келіп, құлағына қараса, оның да оң құлағы кесік екен!

      – Мәс-саған безгелдек!!!

      – Туһ, сайтан алғыр!

      – Сонда біз…

      – Иә, отынын да тиесіп, етімізді де беріп жіберіппіз, – деді Шибұт.

      – Онда кемпірді қарық қылыппыз ғой!..

      Үшеуі сол жайды еске алысып, шек-сілелері қатып, жерге аунап тұрып күліп алды.

      – Иә, сөйтіп, ай қараңғысында да жетіскенбіз, – деді Жарғақбас.

      – Кемпір де алғысын бекерге жаудырмаған екен де.

      – Иә, кемпірді – етке, өзімізді алғысқа қарық қылыппыз.

      – Енді мына ай жарығында абай болайық! – деді Жарғақбас.

      – Дұрыс айтасың.

      ***

      Үшеуі ауыл шетіндегі ағаш шарбақты қоршаудың жанына келеді.

      – Малтүгелдің қорасы осы ма? – деді Қылкеңірдек.

      – Иә, осы, – деді Шибұт шарбақтың жыңғыл шыбықтарын бір-бірлеп суырып тұрып. – Кеше жыңғыл шыбықтары оңай алынатын осы тұсты белгілеп кеткем.

      – Малтүгел үйінен шығып қалып, масқара болып жүрмейміз бе?

      – Қорықпай-ақ қойыңдар, – деді Шибұт. – Малтүгел қазір Қой-бағардың үйінде қонақта. Әне, үйінің терезесінен де от көрінбейді. Кәне, еріңдер соңымнан, – деп өзі аршылған қуысқа сүңгіп кетіп еді, қалған екеуі де жан-жақтарына қарап алып, Шибұттың артынан ілесті.

      Бір


Скачать книгу