БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ! 2 БӨЛІМ Өз тағдырыңды өзің жаз!. Нарша Булгакбаев

БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ! 2 БӨЛІМ Өз тағдырыңды өзің жаз! - Нарша Булгакбаев


Скачать книгу
қазір өзіңізге: «Менің рухани болмысым кемелді екенін білемін», – деп айтыңыз. Енді ішкі дауысыңызды тыңдаңыз. Мүмкін ол (эго): «Жоқ, сен сорлысың, бишарасың немесе кітап оқыма, босқа уақытында құртпа, қума», – деп қарсылық білдіруі мүмкін.

      Адам Жоғары «Мен» -нің жетілуі туралы, кітап оқу туралы мəлімдеме жасаған кезде одан «Эгоизмінің» беделі түседі жəне ол наразылық білдіре бастайды: «Бұл қалай, мен мінсіз екеніміді итак білемін немесе мына кітапты оқып жатқаннан маған түк пайда болып жатқан жоқ». Ал енді өзіңізге қараңыз. Басқа адамдарға қараңыз. Өткен өміріңізді есіңізге алыңыз, ал енді қазір «Сіз қаншалықты өзіңізді бақытты, бай, сәтті, жолы болған адаммын деп санайсыз?». Кей адамдар үнемі өзіне шағымданады. Өйткені олардың өткені дұрыс қалыптаспаған. Өткен – себеп, қазіргі уақыт, қазіргі сәт – салдары.

      Сіз өзіңізбен, ортамен қандай іс-əрекеттер жасадыңыз? Сіз осы уақытқа дейін жасап келген барлық амал-әрекеттеріңіз есіңізде ме? … жылы, айы, күні қандай күнə-қателік жасадыңыз? Бұл нонсенсті (мағынасыз сұрақтарды қоюды) өткізуді тоқтатыңыз!

      Себебі сіздің шынайы кім екеніңіз, өткен шақпен, амал-әрекеттеріңізбен байланысты емес.

      Жоғары «Мен» концепциясы Жаратушы ақылы Ақырет/Эгоизм Тəн жан сақтауХайуани сана Дүние

      ЭГО (НӘПСІ) СІЗДІ АЛДАҒЫСЫ КЕЛЕДІ

      Сіздің жаныңызды сақтау үшін, сіздің қазіргі қалыптасқан сенім деңгейін сақтау үшін, «эго» сізді алдауға тырысады. Егер сіз өзіңіз туралы бар шындық пен ақиқатты білсеңіз, өзіңіздің «Эгоизміңіз» зардап шегуі мүмкін. Дүниені қатты сүйетіндерге ақиқат ауыр келеді.

      Эго (нәпсі) сізді өзіңіздің шынайы кім екеніңізге қарай емес, не істеп жатқаныңызға қарай баға беруге мəжбүр етеді. Ол сіздің əрекеттеріңіз бойынша, өзіңіз туралы кезінде қате шешім қабылдағаныңызды жəне өзіңіздің жəне басқа адамдардың үміттерін ақтамағаныңыз үшін өзіңізді кінəлі сезінгеніңізді қалайды. Сіздің эгоизміңіз сізді адастыруға тырысатындығын түсінуіңіз керек. Ішкі үйлесімді (гомеостаз) сақтау үшін, «Эгоға (нәпсіге)» мұндай мүмкіндік бермеу керек. Керісінше біз эгодан (нәпсіден) жоғары көтерілуіміз керек. Өзіңіздің миыңыздағы «Мен» суреті сіздің шынайы болмысыңыз емес. Өзіңіздің кемелдігіңізді растау осы тұзақтан шығуға көмектеседі. Бұл өзімшілдік емес. Өзімшілдік – мұны істемеу. Өмірді өзгертудің алғашқы жəне маңызды қадамы – өзіңіз туралы шындықты білу, жан мен тəн арасында рухани тұтастық, татулық, бірлікті қалыптастыру, дүние мен ақырет арасында толық үйлесім (баланс) орнату жəне кемелді екеніңізді түсіну екенін ұмытпаңыз.

      ЭГО (НӘПСІНІҢ) ДАУЫСЫН ҚАЛАЙ АҚЫРЫН БƏСЕҢДЕТУГЕ БОЛАДЫ?

      Өзіңіз туралы жалған ойларды, сенім мен түсінікті жою үшін, сіз өзіңізді сөзсіз, ешқандай шартсыз жақсы көруіңіз керек. Өзіне деген сүйіспеншілік өзімшілдікке ұқсас емес, керісінше, ол эго-ның алдамшы дауысын өшіреді. Біздің болмыс бейсанамен анықталатынын, яғни біздің наным-сенімдеріміз іс жүзінде жүзеге асырылатындығын түсінуіміз керек.

      1) Біз өмірімізде ақпараттарды


Скачать книгу