БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ! 2 БӨЛІМ Өз тағдырыңды өзің жаз!. Нарша Булгакбаев
арқан күшті болса, нəресте піл одан қашып кете алмайды. Ерте ме, кеш пе, ол арқанды тартып, қашып кетуге тырысады, бірақ ол бұл әрекетін тоқтатады. Металл тірек ағашпен ауыстырылады, өйткені олар жануардың қашып кету мүмкін еместігі туралы ойға үйренгенін біледі, цирктегілер енді піл қашып кетеді деп алаңдамайды.
Біз өз мүмкіндіктеріміз бен қабілеттерімізді шектей отырып, өзімізді де солай етеміз. Демек, біз шындықпен, ақиқатпен шектелмейміз, бірақ өз ойларымызбен, сенім мен түсінік, өмірлік ұстанымдарымызбен шектелеміз. Неге?
Бір кездері менде «жоғарыға секіре алмаймын» деп ойлайтын мысық болған, сондықтан мен оны жиі-жиі шынықтыратынмын, бірақ нәтежие шықпайтын еді. Ол мысық қартайғаннан кейін биіктікті бағындыра алмайтынын ұмытып кетті. Бір күні үйге келгенде мен оны кітап сөресінің жоғарғы сөресінен таптым, мысығым барлық кітаптарды қопарып тастапты. Шамасы, өзінің қартайған деменциясында (ұмытшақтық ауруы) ол не істей алатындығын жəне не істей алмайтынын мүлдем ұмытып кеткен болуы керек!
Көптеген күйзеліс пен қорқыныш, уайым, өткен шақтағы естеліктер мен тәжірибелерге байланысты. Егер біз дәл мысық сияқты, жақсы мағынада «алжып» осының бәрін ұмытсақ. Егер біз сөздің жақсы мағынасында «қартайсақ»? Мүмкін біз «білмеймін» немесе «мүмкін емес» дегенді ұмытып, жай ғана өз ішімізбен əрекет етсек, ниет-қалауымызға жетер едік.
ӨМІР ЕРЕЖЕЛЕРІН БІЛУ
Егер сіздің өміріңіз сіз қалағандай болмаса, онда сіз бола алатын адам болуға кедергі келтіретін жалған сенімдер кінəлі екенін түсініңіз. Өкінішке орай, адамзаттың көп бөлігі тұзаққа түскендей сезінеді. Айналамызға қарап, біз қайғы-қасіретті, кедейлікті, аштықты, миллиондаған керексіз жəне пайдасыз адамдарды көреміз. Олар қажет нəрсе үшін күресуге мəжбүр болады жəне адамзат есінен танып қалған сияқты көрінеді. Бұл хаостың түсіндірмесі ақылға қонымды шешім таба алмай, өзіне аз мəн берудің салдары. Тек кейбір адамдар ғана өмір деп аталатын ойын ережелерін түсінуге тырысады. Қалғандары өмірді дұрыс түсінбейтіндіктен, өздерін өздері мазалайды, күреседі, қалағанын алу үшін бар күшін салады. Бірақ көбінен бəрібір ештеңе шықпайды, себебі олар өмір ережелерін білмейді.
ӨМІР ОЙЫНЫ
Өмір – бұл шынымен ойын. Біреу күресіп ойнайды, біреу ауруып ойнайды, біреу кедей болып ойнайды, біреу өмір бойы өз кінəсіздігін, маңыздылығын, керектігін жақындарына, қоғамға дəлелдеймін деп ойнайды, ал біреу барлық жерде кешігіп жүреді, ол да ойын. Бірақ кейбіреулер бақыт, байлық жəне керемет денсаулықты ойнағанды жөн көреді. Дегенмен ең бастысы, əрқайсымыз өзіміз ойлап тапқан ережелерге сəйкес өмір сүретінімізді жəне кез-келген ойынның артықшылықтары бар екенін түсіну керек. Егер ол бізге ешқандай қанағат, қызық, рахат, лəззат əкелмесе, біз ол ойынды баяғыда тоқтатар едік.
Өз өміріңізге қараңыз. Жауапкершіліктен бас тартпаудың қандай жасырын артықшылығы бар екенін түсінуге тырысыңыз. Өмірдің құрбаны ретінде өзіңізді үнемі сезініп, қандай да бір жағымды эмоцияларды