Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы». Николай Сергеевич Лустов
байланысты Архимед күшінің үлкендігі соншалық, сұйықтық адамды денеге толығымен енуіне жол бермей, адамды су бетіне итеріп жібереді.
Тапсырма-3. Сахара шөлінің солтүстік-африкалық бөлігіндегі Чад көлінің тереңдік деңгейінің өзгеруі көрсетілген. Чад көлі соңғы Мұз дәуірі ішінде, шамамен біздің заманымызға дейінгі 20 000 жыл бұрын толық жойылып кеткен. Шамамен біздің заманымызға дейінгі 11 000 жыл бұрын ол қайтадан пайда болды. Қазіргі күні оның тереңдік деңгейі біздің заманымыздың 1000 жылдағысымен бірдей.
Бүгінгі күні Чад көлінің тереңдігі қандай?
A. Шамамен 2 метр
B. Шамамен 15 метр
C. Шамамен 50 метр
D. Көл толықтай жойылып кеткен
Е. Бұл туралы ақпарат берілмеген
Жауабы: А
Тапсырма-4. Төмендегі суреттер арқылы қандай арал көрсетілгенін
анықтаңдар: Жауабы: Д. Тасмания
«Биосфера» бөлімінде төмендегідей тапсырмаларды тақырыптарға сәйкес қолдануға болады.
Тапсырма-1. Нитрат-өсімдіктің өсуін, жасыл массасының ұлғаюын қамтамасыз етеді. Табиғатта топырақ құрамында нитрат өте аз болады. Егер топырақта нитрат көп болса, тамыр арқылы көтерілген нитраттар өсімдіктің кез-келген бөлігінде жинақталады.
Төменде берілгеннің қайсысы топырақтағы нитраттың көбеюінің басты себебі болып табылады?
А. Топыраққа азот тыңайтқышының енгізілуінен
В. Топыраққа органикалық тыңайтқыштардың еңгізілуінен
С. Мелиорация шаралары дұрыс жүргізілмеуінен
Д. Топыраққа әк енгізілу салдарынан
Жауабы: А
Тапсырма-2. Аз мөлшердегі нитрат адам ағзасында әрдайым болады. Нитраттар ағзаға көптеп түскен кезде олар нитритқа айнала бастайды, содан кейін қанға түскен кезде метгемоглобинемия (оттегі жетіспеушілік) тудырады, А витаминін бұзады, қалқанша безінің, жүректің, жүйке жүйесінің қызметін бұзады. Ағзадағы нитраттар мен нитриттер біртіндеп канцерогенді затқа айналады. Адам ағзасына нитраттың көптеп жүйелі түсуі арулардың қайсысының пайда болу қаупін жоғарылатады?
Жауабы: Бронхит
Тапсырма-3. Қазіргі кезде экологиялық жағдай үлкен проблемаға айналып отырған заманда, күнделікті тамаққа пайдаланатын ауыл шаруашылық өнімдерінің сапалық құрамы қандай деген сұрақ туып отыр. Жылдар бойы жүйелілікпен, яғни тамақпен бала кезден бастап адам ағзасына енген нитрат түрлі ауруларға душар етеді. Балалар рационынан қандай жемістерді шектеу керек.
Жауабы: Ерте жиналған жылыжайлық жемістерді
Мектепте осындай тапсырмаларды сабақта қолдану берілетін білімнің маңызы болып табылады, өйткені ол жастарға өз таланттарын, оның ішінде шығармашылық қабілеттерін анықтап, ашуға, дамытуға көмектеседі. Осындай креативті ойлау тапсырмалары оқушылардың оқуына жақсы әсер етуі мүмкін, өйткені ол балаларға бастан кешкен тәжірибесіне, істеген істері мен орын алып жатқан оқиғаларға жаңа қырдан қарап, басқаша түсінуге