Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев

Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев


Скачать книгу
біліне бастады, нан мен қант, май мен сүт, ет пен шұжық, ұн, жарма және макарон өнімдері, әйтеуір, негізгі азық-түлік арнайы кәртішкемен норма бойынша сатылады.

      Бір келіншек. (қолында емшектегі нәрестесі бар) Ал біз жөнінде жұрт не дейді? Өзі стадионда мұншама халық азап шегіп жатқанын қала тұрғындары біле ме? Әлде бізді «кәпір» деп, «оларға со керек» деп жүр ме екен?

      Жамал. О не дегеніңіз! Сіздерді кәпір дейтін тек шейх пен оның сардарлары ғана. Мүмкін біреулер білген де шығар, ал өз басым бүгін ғана естідім. Айтайын ба – айтпайын ба, білмей тұрмын… бірақ, сіздер білуге тиістісіздер. Бағана күйеуім айтты: стадион басынан аяғына шейін миналанған екен. Қаланы қоршауға алған әскер шабуыл жасаса, шейх ең әуелі стадионды жарып көкке ұшырады. Сондықтан да президент қарулы күштерді қолдана алмай отыр.

      Келіншек. Сонда не? Біз миналардың үстінде отырғанымыз ба?

      Жамал. Иә, солай болғаны ғой. Әйтеуір күйеуім солай деді.

      Ер адам. Сіздің күйеуіңіз кім еді?

      Жамал. (бір мезет кідіріп қалады) Менің күйеуім имам. Қалалық мешіттің имамы Асқар. Білуші ме едіңіз?

      Ер адам. Естігенім бар, бірақ таныс емеспін. Сонда не – сіздің күйеуіңіз экстремист пе?

      Жамал. Жоқ, ол экстремист емес. Бірақ ол төңкерістен бұрын «Әл-хизб» партиясының жиналыстарына қатысып жүріпті. Шейх оны өзінің партиясына шақырған екен, ал күйеуім келісімін бермепті. Ол экстремисттердің мына істерін қолдаған жоқ, бірақ, өкінішке орай, оларға қарсы тұра алмады. Ал мен бүгін, шариғат сотында, көпшіліктің көзінше не ойлайтынымды шейхтің бетіне басып айтып салдым. Сол үшін ол мені осында қамады.

      Ер адам. Ә-ә… Күйеуіңіз де осында ма?

      Жамал. Жоқ, ол қалада қалды.

      Ер адам. (қолын бұлғай салып) Қалада қалған адамдардың барлығы экстремисттермен бірге, соларды қолдап жүр.

      Жамал. Жоқ, олай деуге болмайды. Шейх көздеген мақсатына жету үшін кез келген адамды пайдалана біледі. Мәселен, менің күйеуімнің беделін пайдаланып, гарнизон офицерлері мен сержанттарын өзінің партиясының мүшелігіне кіргізіп алды. Көрмейсіздер ме – мұндағы жастарды алдап-арбап, сіздерге айдап салып қойғанын. Бұлар не істеп жүргендерін өздері білмейді.

      Жамалды қоршап тұрған топ үлкейіп кеткенін сезген күзетшілер прожектор жарығын шоғырландырып, мегафон арқылы халықтың тарағанын талап етеді. Адамдар өздерінің орындарына қайтып оралады.

      Жамал. (орнынан тұрып, жан-жағына) Адамдар! Отандастар! Стадион жарылғыш заттармен миналанған. Бізге жарылыс қаупі төніп тұр. Енді қарап отыруға болмайды, қимылдап өзімізді азат етуге әрекет жасайық. Иә, экстремисттер бізді ұрып-соғар, иә, кейбіреуіміз оққа ұшармыз, алайда қораға қамалған қойдай, қашан құрбанға шалады деп отыра бергеніміз дұрыс болмас!

      Жамалдың жанына кезекші бастаған екі-үш күзетші жетіп келеді. Олардың қолдарында бір-бір термос.

      Кезекші. Сіз не – көтеріліске үгіттеп жатырсыз ба? Есіңізде болсын – бұл әрекетіңізден ештеңе шықпайды. Тұтқындардың барлығын қырып тастасақ та, бір


Скачать книгу