Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев

Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев


Скачать книгу
танып қалған шығар… (отыра кетіп Марияның көкірегін тыңдағысы келгендей қарындасының иығынан тартады)

      Лариса. (басын көтеріп алып) Мамам өліп қалды! Өліп қалды! Сен! Сен оны өлтірген! Сен оны өлтірдің! А-а!…

      Иван. (шегіншектеп кетіп) Лариса! Олай деме… мен… мен емес… мен тек…

      Лариса. Иә! Сен оны өлтірген! Сен! Сен! Мамамды өлтірген сен!

      Иван шыдай алмай аяғына тұрады да не істерін білмей жан-жағына қарайды. Сосын Гүлнәрға бірдеңе дейін деп жақындайды.

      Иван. Гүлнәр, енді сен бірдеңе деші! Менің не кінәм бар?

      Гүлнәр. (бейне бір құбыжық жақындап келе жатқандай шошынып) Жо-жоқ! Жақындама маған! Жолама! Аулақ!

      Жамал. (Иван оған «не істейін» дегендей қарайды) Иван, меніңше сенің осы жерден кеткенің дұрыс болар.

      Иван. Жарайды… мен кетейін… кетейін. Лариса, кеттік, кетейік, маманы… алып кетейік.

      Лариса. Кет! Өзің кет! Мен сенімен бармаймын! Мен сені көргім келмейді! Мына шайтанның формасын көргім келмейді! О-о! Мама! О-о, сорлы мамам-ай!

      Иван. (Жамалға) Енді не істейін мен? Бұларды осында қалтырып кете алмаймын ғой. Шейх маған рұқсат берген…

      Жамал. Бар қайтадан сол шейхіңе! Аяғына жығыласың ба, әлде кеңірдегінен аласың ба, не қылсаң о қыл – тек осындағыларға бостандық берсін. Тым құрығанда балалар мен әйелдерді босатсын. Бар! Не ғып тұрсың!

      Иван оған қарайды, Гүлнәрға қарайды, сосын қарындасына қарайды, олардың біреуі де оның бар екенін, жандарында тұрғанын сезбегендей теріс қарап отыр. Ақыры мас адамдай тентіректеп жөніне кетеді. Тағы да үнсіздік орнайды, тек Құран оқыған қаридың дауысы естіліп тұрады.

      Бесінші көрініс

      Асқардың үйінің ішкі көрінісі. Түн, терезедегі перделер жабулы. Үстелге екі шынтағын тіреп қойып, қолдарымен басын ұстап Асқар отыр.

      Асқар. (өзімен өзі сөйлеседі) Сонымен не болды? Не бітірдік? Не тындырдық? Иә, енді ешкім зина жасамас, ұрлыққа бармас. Қыз-келіншектер жалаңаш жүрмес. Қылмыс тиылар. Бірақ, шейх көздеген мақсатына жетті ме? Адамдарды өзгертті ме? Олардың ішкі дүниесі жаңарды ма? Жоқ! Олар енді тек қатал жазадан қорыққанынан ғана қылмысқа бармайды. Егер ертең шариғат заңы күшін жоғалтса сол адамдар тағы да сол қылмыстарын істейді. Ал адамдарды қылмыс пен күнәға ар-ұяты, иманы жібермеуге тиіс, олар хиджап пен ұзын етек көйлек кигенде, дүреден, таяқ жеуден қорққанынан емес, жалаңаш жүре алмайтындығынан, ұялғанынан киуге тиіс. «Қылмысқа баруға болмайды!» деген қағида біздің адамдардың сана-сезімінде дұрыс тәрбиенің нәтижесінде орнауға тиіс. Алайда… (көрермендерге бұрылады) алайда, біздің тәрбиелеу жұмысымыз ілгері басып келе ме? Неліктен қоғамымызда қылмыстар саны жылдан жылға кемімей келеді? Және де қылмыстың небір сорақы түрлері пайда болған жоқ па! Балаларды зорлап әурелеп өлтіру деген не сұмдық! Жүкті әйелдің кім көрінгеннің қойнына жатқаны не азғындық?! Бейкүнә сәбиді туа салысымен шырылдатып тастап кеткен деген не?! Ғабдуррахманды да түсінуге болады. Ол тәрбие жұмысының, салихалы, салауатты өмір сүруге


Скачать книгу