Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
мен қарындасыңды алып шығуда. Бірақ стадионда отырған қалған жұртты да ойлау керек. Оларды күзетіп отырған жігіттердің ішінде сен сияқты алданып қалған жандар бар шығар. Енді көбінің көзі ашылды ғой. Сол жігіттердің де бастары қатып жүрген болар. Солармен сен арқылы байланыс жасап көрсек деймін. Бірақ асығу керек. Уақыт тығыз. Таңертең біз іс-қимылға көшпекпіз. Бірақ бір мәселе бізді бөгеп тұр. Сен стадионның миналанып тасталғанын білесің бе?
Иван. Мен о жөнінде бүгін ғана естідім. Бағана стадионға болғам. Сонда кезекші күзетші айтты: Жамал тәте… ол Асекеңнің зайыбы, со кісі стадион миналанып тасталған депті. Бірақ оған ешкім сенбейді.
Халел. Сенуге тура келеді, Иван. Миналардың санын ешкім белмейді, ал оларды іске қосатын пульт шейхтың қолында. Сондықтан ол пультты қолға түсірмей, істен шығармай стадиондағыларды құтқара алмаймыз. Әрине, егер біз тұтқындарды шейхке білдірмей стадионнан шығарып алсақ… бұл, бір қарағанда, мүлдем мүмкін емес сияқты. Алайда, біз барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тырысуымыз керек. Стадион күзетушілердің арасында сенімді достарың бар ма?
Иван. Бар ғой.
Халел. Ал, онда, Иван, кетейік. Стадионды күзетушілердің арасындағы мүлдем ақыл-есінен айырылмаған жігіттермен байланыс жасап сондағы тұтқындарды азат етіп көрейік. (Асқарға) Ал, Асеке біз кеттік. Есіңізде болсын —біз сізге ең үлкен үміт артып отырмыз. Аман сау кездескенше.
Асқар. Иә, Алла тағала аман-сау кездесуге жазсын…
Халел көмекшісімен Иванды ертіп кетеді. Асқар олардың кетісімен есікті жауып бекітіп орнына қайтып келеді. Қалтасынан тапаншаны алып шығып жан-жақты зерттеген боп қарайды.
Асқар. (өз-өзімен сөйлеседі) Сонымен мен енді жендет болдым. Мен енді адам өлтіруге тиістімін. Басқа амал жоқ дейді… иә, солай. Ал мүмкін шейх… мүмкін ол сөзге көнер? Не де болса тағы бір рет, ақырғы рет сөйлесіп көру керек. Ал содан кейін… содан кейін көнбесе. Көнбесе… содан кейін көнбесе… көнбесе… сонда… һм… (тапаншаға тағы бір рет көз тастап орнынан тұрып кетеді) Жоқ! Көндіру керек! Қалай да болса көндіру керек. Одан басқа амал жоқ!
Ұялы телефонын алып шейхтің нөмірін тере бастайды. Осы тұста есік қоңырауы тағы да шылдыр етеді. Асқар бір мезет сол жаққа қарап тұрып, содан кейін есікке беттейді. Есіктің құлыпына қолын соза бере қолындағы тапаншаны қалтасына салады. Есік ашып аңырап қарап қалады. Бөлмеге Иван кіріп келеді.
Асқар. Ваня?! Не болып қалды? (есікті жабады) Сен неге қайтып келдің? Халел қайда?
Иван. Асеке, мен бір минутке оралдым. Халел мені төменде тосып тұр. Мен… мен мана сізге келгенім… сізге келгенде…
Асқар. Ваня, саған не болған? Сабыр қыл, жаным. Жүр, орындыққа отырайықшы, сосын баппен әңгімелесейік.
Иван. Жоқ, Асеке, отыратын уақыт жоқ. Мен тек сізге бір өте маңызды жәйтті айтайын деп едім. Ол мәселе… қысқасы, Гүлнәр…
Асқар. Гүлнәр?! Онымен бірдеңе болды ма? Ол өзі аман ба?!
Иван.