Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев

Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев


Скачать книгу
деп тұрған жоқпын. Иә, адамзат түседі тура жолға, иншалла түседі. Ал бірақ сол жарқын болашаққа сіздің салған қатерлі соқпағыңыз апармайды. Болашаққа ізгілік, рақымдылық, мейірбандық, адамгершілік, шынайы имандылық ғана апара алады. Зұлымдық, қатыгездік тек артқа, кері тартатын жол. Сіздің жаңағы мақтан етіп отырған жетістіктеріңіз шын мәнінде жетістік емес. Өйткені ол жетістіктерге сіз тек қатал жазаның нәтижесінде жеттіңіз. Егер ертең шариғат заңы өз күшін жойса, қоғам бұрынғы арнасына түседі. Өйткені сіз адамдарды өзгерткен жоқсыз, сіз оларды тәрбиелеген жоқсыз, сіз тек оларды оңдап тұрып үрейледіріп алдыңыз. Сіз әлгі жарқын болашаққа адамдарды қамшымен айдап апарғыңыз келеді. Сіз болашаққа бір күнде, бір-ақ секіріп түсемін деп ойлайсыз. Сізден де бұрын сондайлар болған. Тарих сіз сияқтыларың бірсыпырасын біледі. Тек қана сіз сияқтылар тарихты білмейді. Тарихтан сабақ алмайды. Алысқа бармай-ақ қояйық. Жүз жыл бұрын Ленин деген біреу бір күнгі төңкерістің нәтижесінде жер бетінде жұмақ орнатпақшы болған. Халықты қандай «жұмаққа» түсіргенін өзіңіз де білетін шығарсыз.

      Ғабдуррахман. Сонымен сіз мені Ленинге теңедіңіз, иә?! Бірақ, ол кәпір емес пе еді! Және де оның қателігі…

      Асқар. Оның қателігі – сіздің қателігіңіз! Халықты жұмаққа дүренің астына алып, қамшымен айдап апарып қамауға болмайды. Адам баласы жұмаққа өз еркімен, өзінің имандылығының, тақуалығының нәтижесінде кіре алады. Басқа жол жоқ, басқадай Алла тағала оны жұмаққа кіргізбейді де.

      Ғабдуррахман. (сағатына қарап қойып) Асеке, кімнің жұмаққа кіріп, кімнің кірмейтінін бір Аллаһ біледі. Менің сізбен сөз таластыратын уақытым жоқ. Сіздің көз қарасыңыз өзіңізге, менің көз қарасым өзіме. Меніңше, біздің халықты тек таяқтың көмегімен тәртіпке шақыруға болады. Оңдап тұрып сабап алмасаң райынан қайтар емес. Менің оған көзім әбден жетті. Қайткенде мен өз жолымнан таймаймын.

      Асқар. Егер менімен сөз таластырғыңыз келмесе, менімен сөйлескіңіз келмесе, мұнда неге келдіңіз?

      Ғабдуррахман. Жоқ, Асеке, мен сізбен сөйлескім келеді. Мен сізбен әрдайым сөйлескім келеді. Бірақ қазір уақыт жоқ. Уақыт тығыз. Өйткені бағана, күн батысымен, маған қаланың сыртынан елші келді. Ол президенттің ультиматумын алып келіпті. «Таң атқанша қару-жарақ тастап қаланы тапсырыңыз» депті президент. «Таң атысымен шабуыл жасауға пәрмен беремін» дейді. Міне… сізге келген себеп осы. (Асқарға ультиматумды береді)

      Асқар. (оқып шығып) Мен сізді әуелден ескерттім ғой – президент ешқашан автономияға келісім бермейді деп. Ол енді шабуылға бел байлады. Сізге беретін кеңесім – қару-жарақ тастап ақ жалау көтеріңіз. Ең әуелі стадиондағы тұтқындарды босатыңыз.

      Ғабдуррахман. Мен сізден кеңес сұрауға келген жоқпын. Мен ешқашан қолыма алған қаруды тастамаймын, ақ жалау көтермеймін.

      Асқар. (көтеріңкі дауыспен, тағаты таусыла) Менің кеңесім керек болмаса, онда бұл әңгімені несіне бастадыңыз?!

      Ғабдуррахман.


Скачать книгу