Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев

Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев


Скачать книгу
дейсің.

      Халел. Біз ана бөлмеге кіре тұрайық, сіз есікті ашыңыз. (келесі бөлмеге беттей бере, Асқарға қайтып келеді) Асеке, тапаншаны қалтаңызға салып қойсаңыз.

      Асқар. Ә! Иә, иә! (тапаншаны қалтасына салып есікті ашады – босағада Иван тұр) Иван?! Сен не ғып жүрсің түнделетіп?

      Иван. (ішке кіріп есікті жабады, еңсесі түсіңкі) Ассаламү ғалайкүм…

      Асқар. Уағалайкүм ассалам. Не ғып тұрмыз? Жоғарлат. Кел, отыр мына орындыққа. (өзі басқа орындыққа отырып жігіттің бетіне үңіледі) Саған не болған? Ауырып қалғаннан саумысың? Бірдеңе болып қалды ма, Ваня?

      Иван. (Асқардың ұсынған орындығына жайғасып) Иә… Асқар аға, мамам қайтыс болды…

      Асқар. Қайдағы мамаң? Ә! Не дейсің?

      Иван. Иә, Асеке, мамам қайтыс болды. Ол Лариса екеуі қаладан ешқайда кетпепті, стадионда аштан аш отырыпты. Мен оны бүгін ғана білдім, маған олар жөнінде стадионда күзетші болып істейтін танысым айтты. Сосын шейхтен шешем мен қарындасымды үйге алып кетейін деп рұқсат сұрап алып барғам… сөйтсем, стадион нағыз концлагерьге айналыпты. Ондағы мыңдаған адамдардың жағдайын көріп жаным түршігіп кетті. Олар әбден арыған, балалар су сұрап ыңырсиды, жылауға әлі келмейді. Футбол алаңының шөбін тақырлап жеп қойыпты. Жақсы, Асқар аға, олар кәпір болсын. Бірақ, балалардың не жазығы бар? Емшектегі балаларды, кішкентай сәбилерді кәпірлер қатарына жатқызуға бола ма? (имамға қарайды, ол ше үнсіз төмен қараған бойы отыр) Сосын… сосын мен мамам мен Ларисаны тауып алдым. Ал олардың жанында Жамал тәте мен Гүлнәр отыр екен. Берік те сонда. Мен оларды сонда отырар деп ешқашан ойламап едім. Егер оларды кәпір десек, онда… онда түк түсінсем бұйырмасын! (ол имам бірдеңе дей ме деп тоқтайды, бірақ имам сол отырған бойы қозғалмайды) Сосын… мамам ес-түссіз жатыр екен, мен оны көтеріп әкетейін деп едім, ол сол жерде жан тапсырды… сол жерде, менің қолымда кете барды… тұп-тура менің қолымда өтіп кетті… Ал Лариса… ол… ол маманы сен өлтірдің деп бетіме басты. Енді… енді ойлап көрсем, оның сөзі дұрыс екен. Мен… мамамның өліміне мен кінәлімін.

      Асқар. Жоқ Ваня, олай деме. Сен кінәлі емессің…

      Иван. Иә, менде барлық кінә. Жамал тәте де солай деді, Гүлнәр да… ол ашық айтпаса да жүзі соны білдіріп тұрды. Олардың маған қараған жанарларын көрсеңіз ғой! Мен оларға құбыжықтай көрінген шығармын. Ондай көздердің қарасына шыдау мүмкін емес-ті. Сосын мен кеттім. Ал мамам мен Лариса қалды. Тым құрығанда мамамның мәйітін алып кетейін деп едім, Лариса көнбеді. Жамал тәте: «Шейхке бар, стадиондағы тым құрығанда балалар мен бала емізіп жүрген әйелдерді босат де», – деді. Шейхке барып едім, ол мені қабылдамады. Көмекшілері жібермеді. «Не жөнінде келдің?», – дейді. Бұйымтайымды айтып едім, «Стадиондағылар кәпір, олар үшін сен неге қам жеп жүрсің, сен өзің мұсылман емессің-ау», – деп бас салды. Ал стадиондағылар… олар да адам баласы емес пе? Кешегі арамызда жүрген тамыр достарымыз, кеше ғана мектепте бірге оқыған кластастарымыз емес пе? Және де кішкентай балалар, сәби бөбектер… олардың не жазығы бар? Мен осыны түсінбеймін. (жігіт мұңайып бір күрсініп алады) Және, біздің мақсатымыз


Скачать книгу