Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар


Скачать книгу
қоныс аудару заманы жайлы айтып қалғасын, ол жөнінде қысқаша болса да мағлұмат бере кеткеніміз жөн сияқты. Халықтардың бұл тарихи көшіп-қону процесі IV–VII ғасырларда Түрік қағанды ыдырап, Алтайдан Орта Азия мен Жетісу жеріне баса көктеп кірген батыс түрік тайпаларының соғыс қимылдарымен байланысты. Әділ (Атилла) батыр бастаған ғұндар мен оларға ілескен қарақұрым өзге тайпалар Сырдария, Арал маңы алқаптары мен Орталық және Батыс Қазақстан жерлерін басып өтіп, Дунай өзеніне дейін жетті. Мадиярларды бағындырып, еуропа елдеріне аяқ басты. Сөйтіп ақыры Ұлы Рим империясының соңғы тірегі Византия мемлекетінің құлауына әкеліп соқты. Әлбетте, осы әрекеттер барысында тұтас бір халықтардың ығысып, қоныс аударуына, ал олардың орнына көші-қонымен екіншілерінің жайғасуына тура келгендігі мәлім.

      Осыған орай, Оба өзеніне құятын Катын өзенінің оң жақ жағалауының Черкиш аталуы, сондай-ақ сол маңды мекендеген сақа (якут) жұртына қарасты Татти ұлысының құрамында «сергеччи» руының сақталып қалуы да тегін емес деп ойлаймыз (Э.К.Пекарский. «Словарь якутского языка». 2 т. 274 б.). Бұл деректер Черкестердің Алтайдан бастау алып, жылжыған көш ізінің жұрнақ-белгілері емес пе екен дегіміз келеді.

      Мұнымызды кезінде түркі ру-тайпалары тарихын зерттеуге зор үлес қосқан орыстың атақты ғалымы Н.А.Аристовтың: «…черкес атауының өзі Кавказ баурайына түркі руларының сол аттас қауымының атымен жеткен секілді», – деп жазып кеткен тұжырымдары да растай түседі («Заметки об этническом составе тюркских племён и народностей и сведения об их численности». Спб. 1897 ж. 37 б.).

      Сонымен Мұхамеджан Тынышпаев айтып отырған Қазахияның Алтайдан көшкен ру-тайпалары тарихына кеңірек тоқталар болсақ, ғалым жоғарыда аты аталған зерттеуінде: «Геродот (в 5 веке до Р.Х.) упоминает об одном народе под именем Алазон, живущем к западу от Днепра, т.е. в тех же местах; об Алазонах говорит и Страбон (1в. Р.Х.)… Алтайские ачын или алчин несколько приближаются к алазонам и все они напоминают наш алчын. Нужно ещё принять во внимание то, что как и в греческом, так и в других древних языках нет буквы «ч», которые могло или выпасть (тогда будет алын, или должно перейти в «с», которое между двумя гласными читается, как «з»). Так как названия берш, черкеш одинаково встречаются на Алтае и в южно-русских степях, надо думать, чтоэто родственные племена; и у киргиз (казахов) они состоят в одной подгруппе–байулы»,дейді.

      Ол бұл пікірін аталмыш мақаласында әрі қарай дамыта келіп, бүгінгі Алшын атауымен аталатын Кіші жүз руларының дені өз бастауын Алтай баурайынан алатындығына тың деректер келтіреді. Олары екіұшты ойлауға келтірмейтін, күні бүгінге дейін сақталып келген жағрафиялық топонимдерге негізделген бұлтартпас дәлелдер. Мәселен, Оба өзеніне шығысынан Шұлым, ал батысынан Том өзеншелері құятын болса, сол Шұлымға құятын саланың бірі әлімсақтан Берш деп, ал оның батысынан 40 шақырымдай жердегі көл Бершікөл деп аталады. Бұлардан 70-80 шақырымдай қашықтықтағы Том өзеніндегі кеме, қайықтардың


Скачать книгу