Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар


Скачать книгу
сан», «отыз сан», «қырық сан» тіркестері жиі кезігеді. Бірақ бұл меңзеулерден халық мөлшерін шамалағанмен, анықтау мүмкін емес. Ноғай зерттеушісі А.И.-М.Сикалиев Ноғайлының санын 2 миллионға жеткізеді. Ал А.А.Тортика, В.К.Михеев, Р.Н.Кортиевтер Еділ мен Есіл, Кама мен Сырдария аралығында 1 млн. 700 мың халық тұрды, ал Ноғайлының атақонысы Еділ, Жем, төменгі Сырдарияда 750 мың деп көрсетіп, Ноғайлының санын осы мөлшермен шектейді…

      Ноғайлы жеке шаңырақ көтерерде Дешті-Қыпшақта болып, Едіге туралы құнды деректер қалдырған Клавихо Едігенің ләшкері 200 мың деп көрсеткен. Ал «Қазан жылнамасы» Едігенің ұлдарының әрқайсысында 10 мың жасақ барын атаған. Ендеше, Ибн Арабшахтың Едігенің 20 ұлы туралы мәліметі шындық десек, Ноғайлы ләшкерінің саны 400 мыңнан кем болмаған. Ал ләшкерді жалпы халықтың төрттен бірі деп есептесек, Ноғайлы өтеніндегі халық саны 1 млн. 600 мың болып шығады» (Әнес Сарай. Ноғайлы. Ана тілі газеті. №47. 11-б. 2010 ж.). Бұл келтірген деректеріміз білсем деушілерге Қазақия құрамында болған «Ноғайлы» елі жөнінде құнды мәлімет беретін ақпар көздері.

      Ал Әзірбайжан Республикасында бүгінге дейін Қазақ ауданы мен қаласының болуы (Әбілбек Нұрмағанбетов. «Қазақ ру, тайпалары атауының төркіні». «Ана тілі» газеті. 13.05. 1993 ж. 5 бет) біріншіден, олардың да баяғыда Қазақияның құрамында болғандығын, екіншіден, кезінде бірлі-жарымды қазақ руларының оларға ілесіп бірге көшкендігін, сөйтіп олардың қазірге дейін осы аталмыш мекендерде байырғы аттарын сақтап тұрып жатқандықтарын аңғартса керек.

      Кезінде бәріміз май шам жарығымен жастанып жатып оқыған айтулы «Қобыланды батыр» жырының бір нұсқасында кездесетін:

      «Қайта жинап ел қылып,

      Қалың Қазақ қонысын",– деген

      өлең жолдары да қазақ қауымдастығының ертеден келе жатқандығын, бірақ тарихтың тар жол, тайғақ кешу кезеңдерінде Керей мен Жәнібек заманына дейін де осылайша бір емес, бірнеше рет ыдырап, қайта біріккен ұлыс болғандығын көрсетеді. Ал осы жырдың:

      "Қырық мың үйлі қияттан

      Қырық мың әскер қол алып,

      Ақ қара бас ту алып,

      Қызылбасқа жол алып,

      Көшірем деп Қазанды

      Бұл да күшті мол алып,

      Қарамандай батырдың

      Қабағына қар қатты,

      Кірпігіне мұз қатты.

      Қазанның естіп хабарын      

      Ұйқы көрмей түн қатты.

      Ноғайлыны алды,– деп,

      Сүйекке таңба салды,-деп,"

      (Ақсауыт. Батырлар жыры. "Жазушы" баспасы. Алматы. І т. 29 б.).

      өлеңдетер келесі шумақтары қияттың ұлы Қараманның қарақыпшақ Қобыландымен үзеңгі тіресіп, үмбеттеріне жатпайтын ортақ жау–қызылбасқа қарсы бірге аттанулары да бұл екі жұрттың ноғайлы жұртымен бір кездері жан ашырлық жақын, бір Қазақ ұлысында болғандығын көрсетеді. Ал келесі:

      "Шәһзатты қазірет,

      Жарылқаушы құдірет,

      Қызылбас басқа,

      біз–үмбет",-

      (


Скачать книгу