Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар


Скачать книгу
айтпақшы, өзге бірқатар ғалымдарымыз Мұхаммед Хайдар Дулатидің атақты "Тарих-и Рашид-и" атты кітабында Керей ханның Шу бойына көшкен уақыты Хижра жыл санауымен 1465 жыл деп көрсетілген деп қоймай жүр. Олар Мұхаммед Хайдар Дулатидің сол "Тарих-и Раши-диінің" тағы бір жерінде 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға дүниеден озғаннан кейін ішкі феодалдық алауыздықтарға байланысты олардың жұрты жиі-жиі қазақтар жағына өтіп кетіп отырғандығы, Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін оның да біраз ру-тайпалары Жәнібек ханға қосылып, қазақтардың саны 200 мыңға жеткендігі туралы жазылған деректерді ескергісі де келмейді. Сөйтіп қазақ хандығының 550 жылдығын 2015 жылы күзде атап өтеміз деп отыр. Бұған не дейсіз.

      Осы ретте қазақ мемлекеттігінің қалыптасу мерзімін кейінге шегере бергеннен не ұтып, не өндіреріміз белгісіз. Бірақ осылай дей отыра жоғарыда келтірілген көп фактілерге қарамастан қазақ мемлекеттілігінің мерей тойын дауласа бермей, "көппен көрген ұлы той" деп биыл жақсылап, бірлесе өткізуге бармыз. Сөйтіп тарих ғылымдарының докторы Бүркіт Аяған бастаған бірқатар ғалымдар тобының мемлекет құру, оны қалыптастыру бір жылда бола қалатын іс емес деген пікіріне амал жоқ қосылмақпыз (Ғазиз Құрмашұлы. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. "Ана тілі" газеті. №46. 2014 ж.).

      Біздер осы айтып отырған қуатты Қазақ хандығының тарихына құрметпен қарап, оның құрамында бастан өткерген қиын да қилы кезеңдерді, тар жол, тайғақ кешулерді ұмытпай еске алып, ұрпағымызға тәлім-тәрбие үшін әркез айтып отыруымыз керек деп ойлаймыз.

      Ендеше осы хандық тарихына қысқаша болса да шолу жасап, оның ел басқарған тұтқалы да тұлғалы, қадір тұтар құрметті ұлдары жайлы тәппіштеп болмаса да, шама-шарқымыз жеткенше там-тұмдап болсын мағлұмат беріп кетуді жөн деп санаймыз.

      Халық алдымен ақ киізге көтеріп, жасы үлкен деп Жәнібекке немере ағайын болып келетін Керейді хан сайлады. Абайға немере іні, халқымыздың ұлы ақыны, жазушыларының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған шежіреде Керейдің азан шақырып қойған аты Шаһкерей деп аталады. Ақын өз атының да Шаһкерім екенін осында жазады. Қазақ хандығының ұзын-сонар тарихы, міне осы Шаһкерей ханның кезінен басталады.

      Бірақ бірер жыл болмай науқастанып, дүниеден қайтқан соң хандық тізгіні енді немере інісі Жәнібекке тиеді. Жәнібек оның лақап аты, ал шын есімі–Әбу Саид еді. Халқы құрметтеп оны кезінде Әз-Жәнібек деп те атаған. Бұл хандардың тегін тарқатар болсақ, арғы бабалары–Шыңғыс хан, одан–Жошы, одан–Тоқай-Темір, одан–Өз-Темір, одан–Қожа, одан–Бәдіғұл, одан–атақты Ұрыс (Орыс) хан. Оның 7 ұлының үлкені–Тоқтақия хан, ортаншысы–Құйыршық хан болса, Тоқтақиядан–Болат хан, одан–Керей хан, ал Құйыршық ханнан–Барақ хан, одан барып–Жәнібек хан дүниеге келді. Сөйтіп бұлар үшінші атадан табысатын туыстар еді. Қазақ хандығы халықаралық аренада тұңғыш рет ел, мемлекет болып тап осы хан жүргізген шебер дипломатияның арқасында ғана танылып, қалыптасты, күшейді.

      15 ғасырдың 70 жылдары Шығыс Дешті


Скачать книгу