Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар


Скачать книгу
орайда, шежіре зерттеушісі Жарылқап Бейсенбайұлының кіші жүздің ішінде сақталып қалған «Ноғайлы-қазақ» («Ноғайты») руы сол Ноғайлы мен қазақ ұлыстары ажыраған шақта қазақтардың арасында қалып қойған ноғайлының бір атасы деген болжам, байламымен де келіспеске болмайды.

      Сондай-ақ Әбілбек Нұрмағанбетовтің жоғарыда аталған мақаласында 1963 жылы Мәскеуде шыққан «Ноғай-орыс сөздігіне» сүйене отырып берген, қазақ атты ру-тайпаның ноғайларда да бар екендігін растайтын мәліметтері олардың шындығында да Қазақияның құрамында болып, бір кездері қазақ деп аталғанын дәлелдей түскендей. Ал филология ғылымдарының докторы, профессор Рахманқұл Бердібаев өзінің зерттеу еңбегінде:«Қазақ пен ноғай ауыз әдебиетіндегі ортақ сарындас тарихи-генетикалық заңдылыққа жатады. Бұл екі халықтың фольклорындағы ұқсастық сол байлықты жаратушылар мен айтып таратушылардың әуел баста бір түбірден шыққан туыстығына байланысты»,-деп бұл екі халықты тонның ішкі бауындай тіпті жақын туысқан қылып қояды («Қарайдар мен Қызылгүл». 7 б. Алматы. Жалын. 1989 ж.).

      Сондай-ақ, оқысаңыз да болады, белгілі ақын, жазушымыз Байбота Серікбайұлының «Шежіре шерткен сыр» («Ана тілі» газеті. 1992 мешін жылы, 7 қаңтар) деген еңбегінде Қоңырат пен Ноғай, ал жоғарыда аталған ғалым Әбілбек Нұрмағанбетовтің сілтеме жасай отырып («Ног.-рус.сл.». М. 1963 ж. 491 б.) жариялаған аталмыш еңбегіндегі Ноғайлар мен Қаңлы жұрттарының арасындағы туыстық қатынастарды ашып берер мәліметтер–түптеп келгенде бәріміздің түбі бір туысқан тайпалар екендігімізді, бәріміздің тілге тиек етіп отырған көне Қазақияның құрамында кезінде бірге болғандығымызды, өткен тарихымыздың тікелей осы ұлыспен байланысты екендігін дәлелдейтін деректер.

      Тарихшы, зерттеушілеріміз айтпақшы, Ноғайлының құрамында жоғарыда аты аталған ру, тайпалардан басқа алшын, қыпшақ, үйсін руларынан тарайтын тағы да басқа аталардың бар екендігін ескерер болсақ, төскейде малы, төсекте басы қосылған, жақын, көрші қоныстанған бұл екі жұрттың (ноғайты мен қазақ рулары) тұрмыс-тіршіліктерінде қыз беріп, қыз алысып, құдандал, жекжат болып, қаншалықты туыстасып кірігіп, бірігіп кеткендіктерін көрер едік. Сондықтан да, біздің пайымдауымызша, бұлар бірі бөлініп көшкенде екіншісі олармен жақындығын білдіріп, бірге ірге ауыстырған жұрттар. Жоғарыдағы жыраулардың:

      «Ей, байтағым, байтағым,

      Бастырып сені алдырдым.

      Ал, аман бол, менен соң,

      Байтағымның ішінде

      сан елім ноғайлым,

      Сені тағы да алдырдым.

      Он сан ноғай ішінде

      Үш алпыс отау қазағым,

      Сені тағы алдырдым», -деген

      қасіретті жыр шумақтары да ақ патшаның отарлау саясаты мен басқыншылық әрекетінің нәтижесінде бір халық боп қалыптасудың аз-ақ алдында тұрған ноғайлы–қазақ ру-тайпалары одағының қайта күйреген кезеңі туралы баяндайды (Жарылқап Бейсенбайұлы. «Кіші жүз. Жанарыс» «Ана тілі» газеті. 1992 мешін жылы, 4 наурыз, 4 б.).

      Жазушы Әнес Сарай 2010


Скачать книгу