Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар


Скачать книгу
Бұл Қазақстан кеше ғана құрылған мемлекет емес, мыңжылдық тарихы бар көне өркениетті ел екендігін растайтын дерек. Бірақ мұның байыбына барып, ойланып жатқан шенеунік, ғалымдарымызды көрмедік.

      Оларға бәрібір сияқты. Тіпті кейбіреулері бұл мәселені шешуге келгенде кежегелері кейін тартып жүр. Тарих ғылымының докторы, профессор Зардыхан Қиянатұлының «Біз тарихтан қазақтың өз орнын іздеп жүрміз» деген «Жас алаш» газетінің 2005 жылғы 112 нөмірінде берген интервьюнде: «Қазақтың тегін сақтардан бастап қарастырған дұрыс дегенді қытайлық ғалымдар айтып келеді. Моңғолдар біздің халықты ХII ғасырда-ақ «Қайсақтар» деп атаған, қазір де солай ойлайды. Өзіміздің қазақ тарихшылары Қазақ мемлекеттілігін 14651466 жылдардан асыра алмай жүр, қайсыбірі тіптен асырғысы да келмейді», - деп таусыла сөйлеуінің түп төркіні, міне, осында жатыр. Ғалымның мұнысын қазақ атауы мен тарихының өте әріден бастау алатындығын әлі күнге дейін мойындамай келе жатқан билік пен ресми ғылыми орындарға деген қынжылысы, өкініші, жанайқайы деп түсінуге де болады.

      Сонымен қорыта айтар болсақ, М.Тынышпаев қазақ халқының тамырын тарих атасы деп тегін аталмаған сонау көне Геродот (б.з дейінгі 490–425 жылдар аралығында өмір сүрген, скифтер (сақтар) туралы алғаш рет көлемді, жүйелі еңбек жазған көне грек тарихшысы) пен Страбон (б.з дейінгі 64–б.э. 24 жылдар аралығында өмір сүрген көне грек географы, тарихшысы) заманына дейін жеткізсе, тюрколог-ғалымдар З.Қиянатұлы мен Т.И.Сұлтанов, С.Г.Кляшторный, тарих зерттеушісі А.Айзахметовтар, керек десеңіз, оларды Қазақия дәуірінен де әрі асырып, сонау біздің заманымызға дейінгі әлімсақ дәуірде өмір сүрген қайлар мен сақтар кезеңінен өрбіткісі келеді. Егер дәлелдері ғылыми тұрғыдан нанымды, ойға қонымды болып шығып жатса несі бар дегіміз келеді.

      Қазақия жөнінде бұл келтірген деректеріміз толық емес екендігі анық. Шама-шарқымызша ғана жаздық. Біздіңше, мұнымен, жоғарыда айтпақшы, Қазақияның атын атап, түсін түстеп бере алар маман ғалымдар, оның ішінде ғылыми деректерге сүйене отырып, оның аяқ тіреп, шатыр тіккен, жамбасы тиген ата қонысы бүгінгі қазағымның кең байтақ, сайын сары даласының қай жерлерін кесіп өткендігін дұрыс нобайлап, сызып бере алатын тарихшы-картографтар да айналысқаны жөн ғой деп ойлаймыз. Әзірге жоғарыда келтірілген зерттеу деректеріне сүйене отырып, қазақтардың түп негізі мен атауы, жоғарыда айтып кеткендей, берісі IV–VII ғасырларда Ұлы қоныс аудару заманында Алтай баурайынан көшіп, Дешті Қыпшақтың батысын, Қара теңіз бен Каспий теңізі аралығын мекендеген Қазақия тайпаларынан, ал арысы біздің заманымызға дейінгі кайлар мен сақтар, Апрасиаф пен Дарийлердің кезіндегі косоктардан тарайды деп айтуға толық негіз бар. Демек, әңгімемізді тамамдай келе, біздердің бүгінгіше қазақтар деп аталуымыз ең кемі осы кездерден басталады дегіміз келеді.

      Өкінішке орай, үлкен зерттеуші, тамаша жазушылардың бірі, Қазақ Совет энциклопедиясы редакциясында оның қазақ тарихы бөлімін ұзақ жылдар жемісті басқарған, кезінде қызметтес ұстазым


Скачать книгу