Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар


Скачать книгу
мен олардың төңірегіне топтаса бастаған жұрт пиғылын білмей қалды деу әсте қиын. Олар білмеді емес, бұрыннан-ақ біліп келді. Бірақ іштен шыққан жау жаман демекші, қан мен тегі бойынша ұйымдасып үлгерген топтың күшін сезінгендіктен оларға ашықтан-ашық қарсы шығып, істі өз қолдарымен асқындырып, насырға шаптырып алғысы келмеді деп санаймыз. Кейін бұлар бөлініп, ауа көшкенде де «болар іс бәрібір болмай қоймады» дегендей соңдарынан әскер шығарып, қумағандықтары содан шығар деп ойлаймыз.

      1456 жылы Әбілхайыр ордасынан үдере көшкен қазақтарды Моғолстан ханы Есенбұға құшақ жая қарсы алды. Не дос, не жау екендігін білмейтін мекенге қазақтардың әй-шәй жоқ баса-көктеп бара қоймайтындығы, мұндайда жер иесінің ашық қабақ танытатын келісімі керек екендігі бесенеден белгілі. Өйтпейінше бұл – өзгенің жерін басып алу, тартып алу, соғыс деген сөзбен парапар түсінік. Демек, бұл – жоғарыда ғалымдарымыз біліп айтып кеткендей, Керей, Жәнібек сұлтандар мен Есенбұға хан арасында көшіп-қону мәселесіне қатысты ертеден-ақ елшілік жүріп, бұрыннан-ақ екі жақтық келісім-шарт жасалып, белгілі дайындық жұмыстары болғандығын, Қазақ хандығын құру тосын емес, ілгеріден ойластырылған іргелі іс-шара екендігін аңғартады.

      Бұдан байқайтынымыз Қазақ хандығын құру бір күннің емес, талай ғасыр аңсалып, айтылып, талай би мен көсемдердің ақ арманына айналып келген іс екендігі. Бақтарына қарай ол жоғарыда аттары аталған қос сұлтанның уақытына дөп келіп, солардың еншісіне тиген баянды іс болды. Бұл дегеніңіз, тағы да қайталап айтамыз, қазақ атауымыздың қашып-пысып жүріп алған «қашақ» сөзінен емес, әріден келе жатқан әсілі қазақ деген түп ныспымыздан алынған атау екендігін тағы бір дәлелдеп кетер жай.

      Есенбұға хан қазақтарға жайлау үшін батыс Жетісудан Шу, Талас өзендерінің алқабы мен Қозыбасы аймақтарын бөліп берді. Тап осы жерде іргесі қаланып, еңсесі көтерілген елге тұңғыш рет «қазақтар» атауы қолданылғандығын біз 16 ғасырдағы тарихшы Уасифи деректемелерінен оқып-біліп отырмыз.

      Әлбетте, моғолдарға қазақтармен төсекте басы, төскейде малы қосылған көрші болу ниетінің астарында Дешті Қыпшақ хандарымен жиі болып тұратын басқыншылық соғыстарда оларды қалқан ретінде ұстағысы келген саяси сыр жатқандығы да белгілі еді.

      Бұл ниетті баянды етуге Жүніс сұлтан таққа таласқанда қос сұлтанның Есенбұғаны барынша қолдап, қолдарынан келгенше оған көмектескендігі, сөйтіп араларында сенім мен достық қарым-қатынастар қалыптасқандығы өз септігін тигізбей қоймады.

      Сығанақ шайқасы мен қазақтардың Моғолстан жаққа тап осы 1456 жылдары үдере көшкендіктері туралы 1983 жылы жарық көрген Қазақ ССР тарихының «Көне заманнан бүгінге дейін» деп аталатын 2 томының 188-бетінде де айтылады. Бұл цифрлар белгілі қытайлық тарихшы, ғалым Нығымет Мыңжанның 1987 жылы Қытайдың Шыңжан қаласында «Қазақтың көне тарихы» деген атпен жарық көрген зерттеу еңбегінде де тілге тиек етіледі. Өзіміздің отандық жазушы, тарих зерттеушісі, көпшілікке танымал, атақты «Аласапыран» романдарының авторы Мұхтар Мағауин


Скачать книгу